«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Миллион евроға келісімшарт жасалды

2018 жылғы 05 Шілде
- Шымкент қаласы
10777 просмотров

 Шымкенттік жиhаз зауыты «Bella Mebel» Әзербайжанға миллион евро сомасында өнім жеткізбек

 Мұндай келісім Бакуде өткен қазақстандық тауарлық белгілерді алға жылжыту бойынша Қазақстан-Әзірбайжан бизнес-форумының қорытындысы бойынша жасалды. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы.

Бизнес-форумда машина жасау, құрылыс, электр энергетикасы, теміржол, жиһаз және тамақ өнімдерін өндіру саласындағы 16 қазақстандық компания, оның ішінде 4 Шымкенттік кәсіпорын - «Bella Mebel» ЖШС, «Mega SMART» ЖШС, «Шымкент сыра зауыты» ЖШС , «Karlskrona LC AB» ЖШС қатысып қайтқан болатын. Қазақстандық делегацияның Баку қаласына сапары аясында қазақстандық компаниялардың Энергетика министрлігі, Әзірбайжанның Көлік департаменті, «Әзірбайжан теміржолы» ААҚ, AZPROMO, АзериЫшыг, BakuBus өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті. Сапардың қорытындысы бойынша Шымкенттің жиһаздарын алғашқы легін жеткізу шілде айында басталады және жылдың соңына дейін жалғасады деп келісті. Айтпақшы, көршілерді таңдау кездейсоқ емес: «Bella Mebel» ЖШС - итальяндық жаңа технологиямен жиһаз шығаратын, алыс және жақын шет елдердің үздік шикізаттарын пайдаланатын жас, бірақ өте перспективалық компания.

«Миллион евроға келісімшарт –бұл ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сыртқы нарыққа отандық өнімдерді алға жылжыту жөніндегі жұмысының нәтижесі», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Бақытжан Сейтынбетов. – Тауар таңбаларын ұсыну экспорттаушыларды қолдауға арналған құралдардың бірі болып табылады. Бұдан басқа сыртқы сауда миссиялары, профильдік көрмелер бар. Мұның бәрі біздің өндірушілерге өндірілетін тауарлар мен қызметтер экспорты географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер