«Атамекен» тұрғын үйді басқаруға қатысты байқауды бастады: жеңімпаздар Германияға жол тартпақ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрғын үйді кәсіби басқару бойынша 2 байқауды бастады
«Қазақстан Республикасында көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың үздік тәжірибесі» (барлық өңірде) және «Астана қаласында көп пәтерлі тұрғын үйде энергияны үнемдейтін шаралардың үздік кешені» тақырыбындағы байқаулар Қазақстан–Өзбекстан–Германия бірлескен «PRO HOUSE–Қазақстан мен Өзбекстанда тұрғын үйді кәсіби басқару» жобасы аясында өткізіледі және Еуропалық одақ қаржыландырады.
Бұл байқауларды өткізуде келесідей мақсатқа жету көзделген:
- Қазақстан Республикасында көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда үздік тәжірибені анықтау;
- Кәсіби басқарушылардың алдағы дамуы мен мәртебесін арттыру;
- Энергияны үнемдейтін үздік шаралардың кешенін анықтау;
- Энергиялық тиімді модернизациялаудың қандай екенін көрсететін энергия үнемдейтін шараларға ауқымды шолу;
- Тұрғын үйді басқару мен құрылыс секторының өзара байланысын дамыту және нығайту.
Байқауға қатысу өтінімдерін қабылдау 2018 жылдың 5 шілдесінен 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Баспалық құжаттарды келесі мекенжайға жолдау керек: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» БО, Б блогы, 2722-кабинет.
Электронды нұсқасын konkurs_ZHKH@mail.ru почтасына жолдауға болады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 919-361, ссейсенбі және бейсенбі күндері сағат: 10.00-13.00
2 байқаудың жеңімпаздары тұрғын үйді басқару бойынша біліктілікті арттыру үшін жоба есебінен Германияның Берлин және Бохум қалаларында 2 апталық курстан өтеді.
Берілгген өтінімдер мен құжаттардың сәйкестілігін бағалауды Байқау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатттары, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, уәкілетті органдар, жоба серіктестері, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылым қайраткерлері кіреді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар, мерзімі және т.б. туралы нақты ақпарат Байқауға қатысу туралы шақыруда және Байқау өткізу тәртібі туралы ережеде берілген.
Жоба аясында өткізілетін шаралар туралы ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП сайтында жарияланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: