Қазақстанда «Еуразиялық цифрлық платформа» байқауының жартылай финал жеңімпаздары анықталды
«Еуразиялық цифрлық платформа» халықаралық инновациялық жобалар байқауының Қазақстандағы жартылай финалының жеңімпаздары қатарында бірнеше бірегей жоба иегерлері бар. Атап айтқанда: Apilog.kz – жүк тасымалдау, логистика, трансшекаралық саудаға арналған бұлтты сервис, «Мемлекеттік сатып алуларда қауіпті анықтау» – мемлекеттік сатып алуларды жоспарлағанда, рәсімдегенде және төлегенде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау жүйесі, Smart Satu – өндірушілер, дистрибьютерлер мен сауда орындарына арналған b2b-платформа және «Маша мен Аю: бірге дайындаймыз» – балаларды аспаздыққа баулитын ойын бар.
Қазақстандағы байқаудың жартылай финалы Астанада өтті. Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің ашылуы аясында ұйымдастырылды.
«Қазақстанда жартылай финалға қатысушылардың жеңімпаз болғанына қарамастан, түрлі синергиялық әсердің жиынтығы маңызды нәтиже саналатынына сенімдімін», – дейді Еуразиялық экономикалық комиссия ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа (министр) мүшесі Карине Минасян. – Бұл жаңа таныстық, жаңа серіктестік, белсенді нетворкинг. Біздің заманымызда әрбір инновациялық топтың күші мүшелерінің біліктілігінде ғана емес, әрқайсысы орнататын байланыста, техникалық шешімдер, бизнес-үлгі саласында да идеялармен алмасуда жатыр».
«Еуразиялық цифрлық платформа» байқауына Қазақстаннан 50-ге жуық жоба қатысты. Олардың өтінімдерін Еуразиялық экономикалық одақтағы бес мемлекеттік цифрлық экономика жөніндегі 200-ден астам сарапшысы қарап, бағалады. Сараптамалық жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстандағы жартылай финалған 12 жоба өтті, ал жеңімпаз ретінде 4 жоба іріктеп алынды. Бұл жобалар қазан айының соңында Ереванда өтетін «Еуразия апталығы» форумының аясында ұйымдастырылатын финалдық байқауға қатысады. Жеңімпаздардың алдында мемлекетаралық және мемлекеттік қолдау алу, инвестиция тарту және озық цифрлық корпорациялар, венчурлық қорлар, акселераторлар, салалық қауымдастықтардан басқа да көмек алуға мүмкіндік туады.
«ЕАЭО цифрлық болашақ» аталымын Apilog.kz иеленді.
Apilog.kz – көлік логистикасы, жүк тасымалдау, трансшекаралық сауданы зияткерлік маршруттау және жөнелтуді бақылау функциясымен цифрландыруға арналған бұлтты сервис.
Жоба ЕАЭО-да көлік дәлізі мен трансшекаралық сауданы дамытуға ықпал етуге арналған. Ол тиімді бағытты құруға және жол парақтарын іздестіру, жеткізудің нақты уақытта бақылау тапсырмаларын шешеді, логистика процесіндегі ашықтықты (көлік қызметіндегі баға белгілеу, логистерді бақылау) қамтамасыз етеді және электронды құжат айналымын қолдайды.
Монетизация жазылу арқылы жүзеге асады. Жоба логистика және трансшекаралық сауда нарығына қатысушылардың бірігуі сатысында тұр. 2018 жылға платформаны Qoovee.com халықаралық сауда алаңына енгізу жоспарланған, 2019 жылы – Ресей мен Беларусь республикасында ауқымын кеңейту қарастырылған.
Жоба тобын Қазақстанда курьерлік және көлік компанияларын автоматтандыру, ТМД ритейлдері үшін логистика мен соңғы қашықтықты оңтайландыруда 5 жылдық тәжірибесі бар Думан Байымбетов басқарады.
«ЕАЭО цифрлық күн тәртібін жүзеге асыруға арналған үздік технологиялық шешім» аталымында «Мемлекеттік сатып алулардағы қауіпті анықтау» жобасы жеңімпаз атанды.
«Мемлекеттік сатып алулардағы қауіпті анықтау» – мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау, рәсімдеу және төлеуде экономикалық анықтауда машиналық оқыту алгортимтері мен ауқымды мәліметтерді сараптауды қолданумен және сыбайлас жемқорлық қаупін анықтаудың сараптамалық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оның мақсаты: ЕАЭО мемлекеттердің кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік сатып алуларға қатысуда теңдей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Одақ аумағында көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді әрекет және экономикалық процестердің тиімділігін арттыру.
Жүйеде қолданылатын әдістемеге 40-қа жуық қауіп кіреді, олардың бір бөлігін анықтау автоматтандырылған. Жүйе ашық және/немесе тапсырыс берушіде бар ақпарат көзін (мәліметтер базасы, ақпараттық жүйелер, Excel-кестелер және т.б.) және ерте сатыда сыбайлас жемқорлық қаупі және орын алуы мүмкін экономикалық қылмыс туралы дабылды анықтайды, оны анықтаудың уақыты, еңбек және қаржы шығынын қысқартады.
Жоба ЕАЭО елдеріндегі ішкі аудит, мемлекеттік корпорация қауіпсіздігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қолдануға бағдарланған. Жүйені мемлекеттік органның жұмысына енгізудің орташа мерзімі 1,5 айды құрайды. Жүйені ҚР Бас Прокуратурасы қолданады.
Жобаны құрастырушы – «Керемет IT» ЖШС. Команда көшбасшылары - Keremet Analytics компаниясының негізін қалаушы, тәжірибенің жетекшісі Виталий Тренкеншу (сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді автоматтандыруда 10 жыл тәжірибесі бар) және Асқар Аскабжан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары мен қаржы полициясында кеңесші ретінде 15 жылдың жұмыс өтілі бар.
«ЕАЭО-ның үздік цифрлық жобасы» аталымында Smart Satu жобасы жеңді.
Smart Satu – өндірушілер, дистрибьютерлер, сауда орындарын (тапсырыстар, төлемдер, логистика) біріктіретін және олардың шығынын оңтайландыратын мемлекетаралық b2b-платформа.
Жоба тауарлар мен қызметтердің қажет емес қосымша құнын қысқартуға, соның есебінен бағасын төмендетуге, тұтынушыларға арналған таурлар мен қызметтердің қол жетерлігін арттыруға, сондай-ақ сауда компанияларына операциялық процестерді оңтайландыру мүмкіндігін беруге арналған. Жергілікті компаниялар платформаның сарқасында өз өнімін шығаруға қосымша нарық таба алады.
Smart Satu b2b-сату нарығын толықтай цифрландыруға, барлық қатысушы мемлекеттердің басқарушылар үшін толықтай сараптау жасауға қабілетті. Smart Satu Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстанда қолданылады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Smart Satu платформасына қатысушылар үшін салық артықшылығы туралы мәселе пысықталу үстінде.
Жүйе 556 қосылған жеткізушілерге, 2 100 қарқынды сауда орындарына, 90 000 астам тауарға есептелген. Жүйе арқылы айналым бойынша орташа өсім – ай сайын 20%.
Жобаның жүзеге асырылғанына 3 жыл болды. Осы уақытта 5 млн доллардан астам инвестиция тартты. Болатбек Оспанов жобаны басқарады.
«ЕАЭО цифрлық күн тәртібі тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арнадған үздік ойын» аталымында «Маша мен Аю: бірге дайындаймыз» жобасы ұтты.
«Маша мен Аю: бірге дайындаймыз» – мультфильмдегі кейіпкерлермен бірге аспаздық процеске бейімдейтін ойын.
Үлгі: Free to play. Ойын ішіндегі сатып алу, жарнама есебінен, қосымша контент пен сервисте жарнаманы өшіруден ақша жасалады. Google Play арқылы ойынды 1 млн астам рет жүктеген. Пайдаланушылардың орташа бағасы – 4,5. Жобаны Наджибулла Габибулла басқарады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: