«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ІТ-шешімдер көрмесі: «Атамекен» ІТ-кеңесінің мүшелері бірқатар меморандумға қол қойды

2018 жылғы 04 Шілде
4398 просмотров

Астанада 3-4 шілдеде «Отандық ІТ-шешімдердің ақпарттық күні» атты көрме өтті

Қазақстандағы 40-тан астам компания «Астана ЭКСПО» павильонында экономиканың түрлі саласы бойынша 120-дан астам ІТ-шешімдерді таныстырды.

Көрмеге қатысушылар жобаларын таныстырып, компания жетістіктерін көрсетті. Көрмеге ҚР Премьер-Министрлігінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келді.

«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы ІТ-Кеңестің төрағасы және «Automato» компаниясының негізін қалаушы Мирус Құрмашев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Астана Innovations»  АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақстан трғын үй-коммуналдық шаруашылықты модернизациялау және дамыту» АҚ өзара байланыс және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

 

Екінші күні қатысушыларға «Қазпочта» АҚ мен «Documentolog» ЖШС бірлесіп, бас директор және «Атамекен» ҚР ҰКП IT-Кеңесінің мүшесі Байжан Қанафиннің атынан жасанды интеллект салынған София есімді роботты таныстырды. Роботқа Сауд Арабиясының азаматтығы берілген.

 

Еске салсақ, 2018 жылы 21-22 маусымда Қазақстанның IT-компаниялары ҚР Премьер-Министрі Асқар Жұмағалиевтің жетекшілігімен Бішкекке барған еді. Іс-сапарда Ұлттық палата IT-Кеңесінің мүшесі, «ЭлтексАлатау» ЖШС директоры Нұрлан Жәнібеков пен «Documentolog» компаниясының бас директоры Байжан Қанафин «Қырғызтелеком» ААҚ, «Қырғыз почтасы» ММ меморандумға қол қойды. Тараптар жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға, алға қойылған міндетті бірлесіп жүзеге асырудың ммүкіндігін қарастыруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер