«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкенттік ұшақтардың шексіз мүмкіндіктері

2018 жылғы 04 Шілде
- Шымкент қаласы
10398 просмотров

Шымкентте пилотсыз ұшу аппараттарын шығаратын бірегей кәсіпорын ашылды.

«Робоавиа» компаниясы – Қазақстандағы роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын мамандары өндірістің тұсаукесерінде өз өнімдерін компютердегі эскизінен бастап ұшу апаратының жұмысына дейін барлық циклін толық көрсетті.

Кәсіпорынның ашылуына шақырылған облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшылары, жерге орналастыру және мұнай-газ компанияларының, ауыл шаруашылығын басқармасы, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары басқарылатын пилотсыз ұшақтардың мүмкіндігіне тәнті болды. Ал оның мүмкіндігі, көргеніміздей шексіз болды.

«Біздің ұшу аппараттарымыз ауыл шаруашылығында, мұнай өнеркәсібінде, нысандарға геодезия және мониторинг жұмыстарын жүргізгенде, электр желілерін тексеру кезінде және тағы басқаларда қолданылады», – дейді «РобоАвиа» ЖШС бас директоры Николай Пажитнев. – Бүгінгі күні біз жер басқарушы компаниялармен, сот сарапшыларымен, ландшафты дизайнерлермен бірлесіп жұмыс жасаудамыз және жаңа бағыттар бойынша да ынтымақтастыққа әрдайым дайынбыз».

Дронды ұшақтарды пайдаланудың өте маңызды артықшылығы – үлкен аумақтарды нақты уақытта қарау және автоматты патрульдеу мүмкіндігі. Пилотсыз ұшу аппараттарын бір күн пайдаланғанның өзінде 8000 гектардан асатын аэрофототүсірілім жасауға болады (ұшу биіктігі 1500 м). Сонымен қатар, бұл ұшақтардан түсірілген аэротүсірілім биіктіктен суретке түсірудің барлық әдістерінен әлдеқайда жақсы.

Бұл ұшу апараттары мұнайдың төгілуі мен ағып кетулерін анықтайды, инфрақұрылым мен кіретін жолдардың жағдайын талдайды. Аэрофототүсірілім нәтижелеріне сүйене отырып, олардың көмегімен заңсыз мұнай айдау, бөтен көліктер мен құрылымдар, заңсыз жерді пайдалану және басқа да рұқсат етілмеген іс-әрекеттер анықтауға мүмкіндік береді.

«Мұндай пилотсыз авиация біздің фермерлеріміз үшін өте тиімді», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Данияр Дәрмен. – Аэротүсірілім нәтижелері ауылшаруашылық кәсіпорындарында егіс алқаптарындағы ақауларды, ауыл шаруашылық дақылдарының арам шөптер мен ауру пайда болған жерлерін көрсетіп, пайдаланылған тыңайтқыштардың тиімділігін бағалауға көмектесе алады».

Бұған қоса, мұндай ұшақтардың көмегімен орман өрттерін қадағалап, жануарларды көктен есептеуге, тепловизиялық бақылау көріністерін алуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер