Жоспар ауқымды: Мәмлүттегі әйелдер бизнесі
Юлия Хайрутдинова – Мәмлүт ауданындағы іскер әйелдердің бірі, жаңашылдыққа жаны құмар. 2017 жылы көптен ойға алған ісін жүзеге асырып, жастық пен көрпені қайта тігетін цех ашты.
2015 жылы «Бизнес–Кеңесші» курсынан білім алып жүргенде осы идея туындаған. Қыр-сырын ойластырғаннан кейін, араға 2 жыл салып кәсіпкерлер палатасы Мәмлүт аудандық филиалының көмегімен жүзеге асырды
«Бизнеспен айналысуды 2011 жылы қолға алдым, тоқыма бұйымдарын саттым. Ауыр сөмкелерді мекемелерге тасып жүргенімді қинала еске аламын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген едім. Келесі жылы барлығын да өзгерткім келіп, шағын орынды жалға алдым, ресми түрде тіркелдім», – дейді Юлия Хайрутдинова.
2014 жылы Палата филиалының ашылғанын білген ол бірден көмекке жүгінген.
«Мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алып, жобалармен танысып, «Бизнес–Кеңесші бағдарламасы бойынша оқуға ұсыныс алдым», – дейді іскер ханым.
2016 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен жеңілдетілген несие алғанды жөн санайды. Жобаны жергілікті Кәсіпкерлікті қодау орталығы сүйемелдеп, 1 млн 400 мың теңге сомасында қаражат алынды. Оның басым бөлігі жоғары санаттағы жабдық алуға жұмсалды. Сондай-ақ 2 тігін машинасын, мата сатып алып, қосымша жұмыс орнын ашты.
2017 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына да қатысты.
«Алғаш рет осындай ауқымды шараға қатыстым, қауырсыннан жасалған зарттарды ұсындым. Өз ісің туралы республикаға тынытып, құлшыныс арттыратын бірегей орта деп есептеймін. Ешқандай аталымға ие болмадым, бірақ биыл да қатысам деп шештім. Өтінім де беріп қойдым», – дейді кәсіпкер.
Оның алға қойған мақсаты мен жоспары ауқымды, бизнесі дамып келеді. Енді кеңейтуді ойға алған. Мысалы мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ниетті.
«Кәсіпкерлер палатасының филиалы екінші үйіме айналғандай, іскерлік жолда туындаған кез келген мәселемен жүгінемін. Аз уақыттың ішінде құжат жинап, несие де алдым. Кәсіпкерлерді қолдаудың арқасында биыл грант байқауына қатысқым келеді», - дейді іскер ханым.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: