«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев «Астана – 20 жыл» мерейтойлық медальдарды табыстады

2018 жылғы 03 Шілде
4841 просмотров

Медальдар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мұнай-газ секторының өкілдеріне мемлекеттің және елорданың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін тапсырылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мұнай-газ секторының мемлекеттің және елорданың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өкілдерін «Астана – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады.

Салтанатты рәсімді ашқан «Атамекен» басшысы жиналған қауымға зор алғысын білдірді.

«Елордамыздың мерейтойына орай марапатты тапсыру – үлкен мәртебе. Астана – біздің тәуелсіздігіміз, бұл барлығымыз Президенттің басшылығымен соңғы 20 жылда салған қала. Мұнда халықаралық ірі шаралар өткізіліп келеді, қонақтардың жоғары бағалауы – сәттілікке ұласқан осы еңбектің дәлелі. Астана қала болып қалыптасты. Қазіргі таңда қала тұрғындары көп, қатаң климатқа қарамастан жастар, студенттер, өскелең ұрпақ осы қалада өмір сүреді», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев

Астана келбетімен тұтас мемлекеттің және өңірлердің дамуына серпін береді. Бұл тәжірибені басқа қалалар мен облыс орталықтары да алып отыр. Астана қаласының 20 жылдығы – бүкіл елдің мерекесі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы бірнеше күннен бері алдағы мерейтой қарсаңына арналған құттықтау легі ағылып жатқанын екереше атады.

«Айтулы мерекеге орай тамаша ғимараттар мен құрылыс нысандары бой көтерді. Астананың ажары күннен-күнге айшықталып келеді, бұл Мемлекет басшысының әрдайым бақылап отырғандығынан. Мемлекетіміздің басшысына астаналықтардың атынан осындай заманауи қалада тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік жасалғаны үшін рахмет айтқым келеді», – деді Тимур Құлыбаев.

Ол сондай-ақ жиынға қатысушыларға Елорданың дамуына, Атамекеннің игілігіне, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген үлестері үшін алғыс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер