«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сотта кәсіпкер құқығы қорғалды

2018 жылғы 02 Шілде
- Ақмола облысы
3349 просмотров

Ақмола облысының сарапшылары біліктілік танытты

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына Егіндікөл ауданындағы жеке кәсіпкер Жанат Айтқожин құқығын қорғау үшін көмек сұрап жүгінді. Мемлекеттік орган бизнесменге тиесілі нысан жұмысын заңсыз тоқтатуды қалаған. Даулы мәселе өңірлік кәсіпкерлер палатасы заң бөлімінің араласуымен шешілді.

2017 жылы қыркүйекте Егіндікөл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі «Сұңқар» автокөлікке май құю станциясын тексеріп, заң бұзушылықтар бар екенін анықтады әрі кәсіпкерге 5 ай уақыт берген. Жарты жыл өткен соң мемлекеттік орган өкілдері қайта тексеру жүргізіп, ішінара түзетілгеніне көз жеткізген. Кәсіпкерге 50 АЕК есебінде әкімшілік айыппұлын салған. 120 250 теңге сомасындағы айыппұлды кәсіпкер бірден төлеген.

Алайда, ұзақ уақыт өтпестен Ақмола облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан кәсіпкердің атына талап арызы түскенін хабарлаған. Мемлекеттік орган нысан қызметін тоқтату талабын қойған.

«Департаменттің арызда көрсеткен талабымен мүлдем келіспеймін. Бұл негізсіз әрі заңсыз деп санаймын. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасына жүгіндім», – дейді Ж. Айтқожин.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының заң бөлімі осы пікірді қолдайды.

«Талап арызында департамент «Азаматтық қорғау туралы» заңы 38-бабы 4-тармағының нормасын көрсеткен. Заң тармағында көрсетілген ережені назарға алсақ, Төтенше жағдайлар департаменті талабының қатысы жоқ», – дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Жанна Әбішева.

Нәтижесінде сот нысан қызметін тоқтату туралы өндірістік ісін тоқтатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер