«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды өңірінің 2018 жылдағы үздік тауары анықталды

2018 жылғы 02 Шілде
- Қарағанды облысы
5630 просмотров

30 маусымда «Жастар» спорт кешенінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Өңірдегі 80 өндіруші байқауға қатысуға өтінім берген

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы – отандық бизнес жетістігінің жыл сайынғы көрсеткіші. Қарағанды облысының озық кәсіпорындары, атап айтқанда «REN-Milk» зауыты «Ast Etalon Crown» ЖШС, «Карат» ЖШС  «Казцентрэлектропровод» пен «Бёмер Арматура» ЖШС республикалық байқаудың лауреаттары аталған.

Өңірлік көрме-байқауы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша өтті. Әр аталымнан 3 жеңімпаз, барлығы 9 өндіруші Қарағанды облысының атынан республикалық байқауда бақ сынайды. Биыл әр аталым бойынша орын берілмейді, тек жеңімпаз деген атағы анықталады.

Қалыптасқан үрдіс бойынша байқау аясында сапа саласындағы жетістігі үшін облыс әкімінің арнайы сыйлығы тапсырылады. Биыл сапа саласындағы жетістігі «Seven Refractories» ЖШС-на берілді. Бұл Қазақстандағы монолиттік өртке төзімді материалды өндіретін бірінші және жалғыз зауыт. Жалпы құны 2 млрд теңге жоба былтырғы жылы іске қосылды. Зауыт сапасы жоғары материал шығаратын бірінші кәсіпорын болды. Зауыт өнімі «Қазақмыс», «АрселорМитталТеміртау», «Қазмырыш» секілді компанияларына қажет. Егер өртке төзімді материалдарды шетелден сатып алатын, енді қарағандылық өндірушіден сатып алады.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымына облыстағы 27 қатысушы өтінім берген. Жеңімпаз дипломы «Maker» ЖШС-ына берілді. Бұл кәсіпорн тау-кен-шахта жабдығын дайындаумен және жөндеумен айналысады. Кәсіпорын облыс орталығында машина жасау өндірісін модернизациялап отыр. Кәсіпорын жаңа деңгейге көтеріліп отыр. «Recycling Company» ЖШС Қазақстан мен Орта Азия өңірінде көлік құралдарының пайдаланудан шыққанын қолданысқа енгізуге мамандандырылған алғашқы кәсіпорын. Жоб мемлекеттік индустриялы-инновациялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.  Үшінші жеңімпаз – Теміртауда машина жасау нарығына қосалқы бөліктерді шығаратын «Инкар-1» ЖШС.

«Халыққа арналған тауарлар» аталымына облыстағы 55 кәсіпорын қатысты. Тұтынушыларға сапасы жоғары өнім ұсынып отырған кәсіпорындар қатарынан «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС, «ҚазПласт» ЖШС,  «Galex Plus» тігін-оқыма фабрикасының аты ерекше аталды.

Ал «Үздік азық-түлік тауары» аталымына 18 кәсіпорын өтінім берген. Көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 80 тоннаға дейін сүт қабылдайтын «REN-MILK» ЖШС үздік атанды. Сонымен қатар Сәтпаев қаласындағы «Жағыпарова МК» жеке кәсіпкерлігінің макарон өнімдері де өңірдегі сапасы жоғары өнімдер қатарынан ерекше аталды. Ал Бұқар жырау ауданындағы «Қарағанды құс» ЖШС экологиялық таза өнімімен үздіктер қатарынан көрінді.

Негізгі бизнес-қоғамдастықтан бөлек, мемлекеттік органдар мен қауымдастықтар де өз аталымдарын тағайындады.

«Бастау» үздік жобасы» аталымы «Алдияр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Әлібек Сүйгенбекұлы Нұрбайға берілді. Ол 2017 жылы «Бастау» жобасына қатысып, Нұра ауданы әкімінің 480 000 теңге грантын ұтып алып, жарықдиодты кронштейн, көше жарығына арналған элементтер, сыртқы безендіру және басқа да сәулет элементтерінің өндірісіне арнап компьютер мен материалдар сатып алды. Әлібек Нұрабай кәсібін ашып, бизнес иелерінің қатарына енді.

«Үздік кәсіпорын – бизнес-процестерді автоматтандыру» аталымында мамандандырылған көлік-логистикалық орталығын «Ригер» ЖШС марапатталды. Дәрі заттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтаумен айналысатын кәсіпорында Австралия мен Ресейдің заманауи жабдығы қойылған. Жұмыс процесінің тиімділігін арттыру үшін басқару жүйесі автоманттандырылған.

Ал бизнеске арналған үздік БАҚ – «Бірінші қарағандылық». «Business-Жаршы» арнайы аталымы бизнес пен журналистиканың ынтымақтастығын дамыту үшін белгіленген.

«Шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымына Серік Төрегелдин ие болды. Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесінде зерттеулер мен жұмыстар атқарған.

«Үлгілі салық төлеуші» аталымын «Eurasian foods» АҚ берілді. Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпкерлік аталымы – «Теміртау мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер орталығы» Воротынская ЖК, «KARAGANDY үздік экспортқа бағдарланған кәсіпорын» – «Sunpaper» ЖШС.

Өңірлік жеңімпаздар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер