«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте жеңімпаздарды анықтау қиынға түспек

2018 жылғы 29 Маусым
- Шымкент қаласы
5265 просмотров

Отандық өндірушілердің байқаулары мен көрмелері өз өнімдерін насихаттауға ықпал етеді, деп есептейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров

Шымкентте  «Өңір өнімдері – 2018» үздік тауарларының көрме-жәрмеңкесінен бөлек шарада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталатын болады. Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде өңірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды. Көрмеге Шымкент және Түркістан облысының 200-ден астам тауар өндірушілері мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тауар өндірушілер қатысуда. Аталған шараға алғаш рет костюмдер мен ерлерге арналған киім тігетін және тұрмыстық химия шығаратын осы сынды 15 жаңа компания өз өнімдерін алып келген.

Екі күндік көрменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахимов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, Астана, Атырау, Тараз қалаларының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен басқа да өңірлердің кәсіпкерлері қатысты.

Отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан – Дүниежүзілік Сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болып табылатынын айтып, өңір кәсіпорындары халықаралық және экологиялық стандарттар талаптарына сай келетін өнімдер шығаруы қажет екенін атап өтті. Іс-шараның барысында облыс және қала әкімдері «Ордабасы құс» ЖШС-гі мен «Karlskrona LC AB» ЖШС-не өнім және кызмет көрсету саласындағы жетістігі үшін ТМД сыйлығын табыстады.

«Бүгінгі күні қатал бәсекелестік жағдайында жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерді құруға ерекше назар аудару керек. Біздің кәсіпкерлеріміз уақытпен ғана емес, өз тұтынушыларының сұраныстарына қарай өсіп дамуы қажет», – деді өңірлік ксіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров. – Біздің өндірушілеріміздің өнімі үнемі әр түрлігімен, жоғары сапасымен сұранысқа ие. Көптеген жергілікті кәсіпорындар өз өнімдерін біздің аймағымызда ғана сатып қана қоймай, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерге, Ресейдің басқа аймақтарына экспорттауда. Бизнестің табысты дамуы бұл- үнемі қосымша жұмыс орындарының болуы, өндірістің жаңартылуы, инвестиция тарту, экономиканы жетілдіру және еуропалық және әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялау болып табылады».

Көрме-жәрмеңкенің демеушілері ретінде «Rixos Khadisha Shymkent», «ROYAL» фитнес-орталығы, Almaty Management University, «Академия успеха», «Azala textile», ТОО «Айкан», «Алтын Дән», «Асыл Арман», «Коркем-MG», ПД JEFF Teilor», «Барыс 2007», «Ордабасы құс», "Бал текстиль", «Алем БТ» , «Назар текстиль»,  ИП «Заря», «Балауса», Сеть кондитерских «Мадлен», Otyrar Group, «Megapolis Hotel» , «Baby plast» компаниялары болды. Ал серіктестер: TV ТВК, «ProCoffee» кофе желісі, Salem кофеханасы, Север СО, «Сходим Шымкент» сайты.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысының кәсібін жаңа бастаған және танымал отандық тауар өндірушілері қатысады, олардың арасында танымал кәсіпорындар «Мадлен», «Ордабасы құс», «ВизИТ»,  «Рауан», «Алтын дан», «ШФ Гаухар», «Барыс-2007», «Амангельды», «Карлскрона», «Зерде керамика», КТЗ, «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Azala», «Планта», «Айкан» және т.б.

Ірі компаниялар ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін жариялай алды.

Тәуелсіз сарапшылар-аудиторлардың, кәсіпкерлік ассоциациялардың, салалық қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған сараптама комиссиясы экспозицияларын қарастырып, үш номинация бойынша дипломантарды іріктейді:

- «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;

-«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

-«Үздік азық-түлік тауарлары».

Қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийлері өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі болмақ.

Сонымен қатар, көрмеде аймақтық номинациялармен ең үздік компанияларды таңдалынады: «Халық таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызы бар стартап», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік этноөндіруші», «Табиғи өнім өндіруші» «Инновациялық жоба», «Жас өндіруші», «Үзді тауарлық қаптама», «Үздік еңбек жағдайлары» және т.б.

«Ең үздік әйел-жұмыс беруші», «Қызмет көрсету саласындағы үздік жоба», «Бизнес-вумен-инноватор» номинациялары бойынша да әйелдер бизнесіне қолдау көрсетілетін болады.

Ертең, іс-шара шеңберінде «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрмесінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысуға құқығын алады.

Көрме 2 күнге созылады, концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, лотерея ұтыс ойыны және көрмеге келушілер үшін бағалы сыйлықтар күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер