«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті өндірушілерді қолдаудың жаңа тетігі

2018 жылғы 29 Маусым
- Астана қаласы
5030 просмотров

Астана қаласы әкімдігінің алаңында әкім орынбасары Асқар Әмринның жетекшілігімен Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік сатып алу саласында қолдау мәселесі көтерілген болатын.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы Әмрин «Бірыңғай техникалық одақ» құру туралы ұсыныс жасады. Аталған одақ  жобалық-сметалық құжаттамаға енген шетелдік тауарларды жергілікті тауарлармен алмастыруда жаңа тетік болмақ.

 Ал Ведомствоаралық комиссия жұмысына кешенді шаралар енгізу туралы ұсыныспен Астана қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Әлен Түлкібаев баяндама жасады. Ұсынылған шара құрылыс жұмыстарын жүргізудегі мемлекеттік сатып алуаларда жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын барысында, сондай-ақ,  «Астана-Адалдық алаңы» бағдарламасының аясында Астана қалалық ортаны қалпына келтіру департаменті жүргізетін құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселесі қаралды. Өтініммен «Мемлекеттік сатып алулар» ЗТБ өкілі сөз сөйледі, оның айтуынша келісімдердің жобаларында, әсіресе төлем шарттарында көрсетілген шарттар ірі бизнес субъектілеріне шақталған, ал орта кәсіпкерліктің дамуына үлес қоспайды.

 «Мемлекеттік сатып алулар» ЗТБ мәлімдемесін «Мейір-М» ЖШС, «Астана-Көктем» ЖШС, «ASTI» ЖШС, «Эдем» ЖШС, «Фэрум» ЖШС, «Евро Строй Групп» ЖШС, «НС - Союзинвестстрой» ЖШС сынды құрылыс компаниялары қолдады. Бұл компаняилар нарықта 10—20 қатарына жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі ұйымдар. Олардың айтуынша шарт жобасында «төлеу шарттары» өте үлкен, сондықтан сатып алуға көп компания қатыса алмайды. Астана қалалық ортаны қалпына келтіру департаменті мәліметі бойынша бұл шарттар пилоттық режимде іске асқан, және заңнама тұрғысынан қателіктер жоқ. Ал келесі әрекет жүзеге асқан сатып алуалар нәтижесі бойынша анықталатын болады.

Сонымен қатар Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы құрылыс саласында жүзеге асқан  сатып алуларда жергілікті өндірушілердің тауарларын пайдалану бойынша мониторингін жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер