«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Субсидия болса, сапа да көтеріледі: тасымалдаушыларға қатысты әкімшілік кедергілерді төмендету мәселесі талқыланды

2018 жылғы 27 Маусым
5316 просмотров

ҚР Көлік тасымалдаушылары одағының жалпы отырысы «Атамекен» алаңында ҚР Көлік тасымалдаушылар одағының басқарма төрағасы Серік Алигужиновтың төрағалығымен өтті.

Отырысқа еліміздегі 16 өңірдің жолаушылар көлігі салалық қауымдастықтардың басшылары, Алматы және Астана қалаларының жолаушылар көлігі және облыстық әкімдіктердің автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілдері қатысты. Отырыста уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерін талап ететін автокөлік өнеркәсібінің күрделі мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Ұлттық палата жұмысының негізгі басымдықтары бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және бизнестің заңнамалық және нормативтік ережелерін қалыптастыруға қатысу болып табылатындығын айтып өтті.

«Біз ҚР Көлік тасымалдаушылар одағымен және ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып, тасымалдаушылар тап болатын әкімшілік кедергілерді төмендету жұмыстарын белсенді түрде атқарудамыз. 2018-2020 жылдарға Жолаушылар автобусы қызметтерін дамытудың кешенді бағдарламасын жасадық», – деді Елдос Рамазанов.

Кешенді бағдарламаны іске асыру 2020 жылға қарай парктердегі 7 жылға дейін пайдаланылған автобустардың үлесін 64%-ға дейін арттыруға (қазіргі уақытта 51%, тозу мөлшері 60%),  жол көлік оқиғасының мөлшерін төмендетуге және адал бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Кешенді бағдарламаның іс-шаралары автобус маршруттарын субсидиямен қамтамасыз етуді, автобустарды жаңартуды, заңнаманы жетілдіруді, жолаушылар тасымалы саласындағы қызметтерді автоматтандыруды, жолаушылар тасымалының тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай тудыруды және тұрақсыз жолаушылар тасымалын бір ретке келтіруді қарастыруда.

Сондай-ақ, Елдос Рамазанов тасымалдаушылардың мүдделерін ескере отырып, жолаушылар тасымалын салық салудан (КТС пен ҚҚС) босату мәселесі талқыланып жатқанын атап айтты.

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан КТС және ҚҚС төлеуден уақытша босату туралы жағымды ұстаным да бар. Екі жыл ішінде пилоттық жоба жұмыс істейтін болады, бұл бастама Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тарапынан қолдау тауып отыр», – деп қосты Елдос Рамазанов.

Серік Алигужинов өз кезегінде, тасымалдаушылар ұсынатын сапалы қызметтерге халықтың сұранысы артып келе жатқандығы туралы айтып өтті. Алайда, жергілікті атқарушы органдар шығындарды субсидия түрінде қолдамаса – бұл мүмкін емес. Нарықтық ортада әкімдіктер муниципалдық парктер құруда, ол Yellow Pages принциптеріне қайшы және Кәсiпкерлiк кодекстің нормаларының бұзылуына әкеледі (21 бап), онда кәсіпкерлік қызметтегі мемлекеттің үлесін азайту туралы жазылған.

 «Жергілікті атқарушы органдардың осы бастамалары субсидия беру арқылы, жаңа автобустарды сатып алу арқылы, және де маршруттарды тек муниципалдық парктерге беру арқылы көлік қызметтері нарығынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін ығыстырады», - деді ҚР көлік тасымалдаушылары одағының төрағасы.

Бас көлік прокурорының аға көмекшісі Лаура Шаншарбаева тексеру барысында қалааралық жолушылар тасымалын іске асыру кезінде ҚР автомобиль көлігі туралы заң 2500-ден астам заң бұзушылықтарды анықтағанын айтып өтті, 120 жол-көлік оқиғасы орын алып, 70 адам қаза тапқан.

 «Заңсыз қайта жабдықталған 94 автобус анықталды. Сондай-ақ, жолаушыларға  басты қауіп арнайы рұқсат қағазы жоқ, заңсыз тасымалдаушылар тарапынан туындауы мүмкін. Іріктеп тексеру осындай 139 субъектіні анықтады. Нәтижесінде, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін заңсыз тасымалдаушылардың қатысуымен 600-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алған», – деп қосты Лаура Шаншарбаева.

Талқылау барысында, Қазақстан бағалаушылар ассоциациясының (ҚБА) Бас директоры Сәбит Аманбаев заңсыз тасымалдаушыларға қарсы күрес мақсатында бақылау функцияларын ҚР ІІМ-нен ҚР ИДМ-нің Көлік комитетіне қайтару қажет деді.

Ол сондай-ақ саланың нормативтік базасын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

«Барлық нормативтік құжаттарды өзгерту барысында шұғыл іс-шаралар қажет, ол бизнесті дамытудың негізі болмақ. Осы міндеттерді іске асыра отырып, ҚБА биылғы жылы ынтымақтастық туралы келісім бойынша бірлесе жұмыс атқарып жатқан 12 бірлестікпен бірге НҚА-ға енгізілетін ұсыныстарды жинау мен толықтыруларды келісумен айналысты. ҚР ИДМ-ге «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске «Жолаушыларды тасымалдау ережелері, Тарифті есептеу әдістемесі» тәрізді ұсыныстар енгізілді», – деді Сәбит Аманбаев.

Бизнес пен билік арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін, Көлік тасымалдаушыларының одағы жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасындағы қатынастарда саясатты қайта қарауды ұсынады.

Бұл бастама көптеген өңірлік тасымалдау салалық бірлестіктердің тарапынан қолдау тапты.

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік тасымалдаушылары одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко салаларда өз міндеттерін (функцияларын) сапасыз орындаған жағдайда жауапкершілік енгізу қажет екендігін атап өтті.

«Белгілі бір қызметкерлер проблемаларды шешуге мүдделі болмаған жағдайда біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе алмаймыз. Сонымен қатар, олар заң құзыреті шегінде жұмыс істейтіндігін де ескеруіміз қажет», – деді Лавриненко.

Кездесу қорытындысы бойынша, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып қажетті қолдау көрсету қажет және әкімшілік кедергілерді азайтып, субсидияларды қол жетімді ету қажет деген шешім қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер