«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үздік мектеп формасына байқау жарияланды

2018 жылғы 26 Маусым
- Қарағанды облысы
7734 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы мектеп формасының үздік үлгісіне байқау жариялады. Назарға кәсіби жұмыстар әрі ұлттық нақыштағы идеялар да алынады.

 «Бұл өзекті мәселе, өйткені өңірімізде қазіргі таңда сапалы әрі стандарттарға сай мектеп формасы жоқ. Жергілікті жерде талантты әрі креативті дизайнерлер көп, байқау нәтижесінде жақсы үлгі таңдаймыз деген ойдамын. Осы мәселеде ұлттық стандарттарға мән берілуі тиіс», – деді байқау ұйымдастырушысы Ирина Нечаева.

 Мектеп формасының жаңа үлгісі бастауыш сынып оқушыларына ойлап табу керек. Байқау екі кезеңде өтеді. 19-30 маусым аралығында өтінімдер қабылданады. Екінші кезеңде эскиздер, фотосуреттер мен модельдердің сипаттамасы мен техникалық үлгілерді дайындау жүргізіледі. Екінші кезең науқаны 2-15 шілде аралығында болмақ.  

 Байқау мақсаттарының бірі – отандық тауар өндірушілер мен «Қазақстанда жасалған» брендін қолдау. Байқауға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер мен шығармашыл адамдар қатыса алады.

 Біз шамамен бес үлгіні таңдаймыз. Осы үлгілер арасынан ата-аналар, ұстаздар бірігіп ең оңтайлысын кеңесе отырып бекітеді. Мектеп формасын дайындауда алғашқы қадамдарды жасаудамыз. Ары қарай іске тігін кәсіпорындары қосылады. Бастапқыда бастауыш сыныптарды киіндіреміз. Әзірге бізге үлгіні анықтау керек», – деді ӨКП Жеңіл өнеркәсібі комитетінің төрағасы, «ЕСКО» ЖШС директоры Андрей Шмарин.

Қазылар алқасы құрамына дизайн мен тігін саласындағы мамандар, Білім басқармасы өкілдері, ата-аналар қоғамдастығы, ӨКП Жеңіл өнеркәсібі комитеті мүшелері кіреді.

 Барлық қатысушылар алғыс хаттарымен марапатталады. Байқау аяқталысымен жеңімпаздарды Облыстық білім басқарамасына бірыңғай формасын тігу бойынша ұсынылатын болады.  Бастапқыда бастауыш сыныптарға арналаған мектеп формасы үлгілері қабылданады.

 Байқауға қатысу өтінімдері 30 маусымға дейін мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: worldpeace2006@mail.ru.

Қосымша ақпаратты мына байланыс телефон арқылы білуге болады: 8 701 214 10 77, 8 700 999 55 99.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер