«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекеннің» ұлттық саябақтардағы инфрақұрылымды қаржыландыру бастамасы қолдау тапты

2018 жылғы 25 Маусым
5418 просмотров

ҚР Бюджет кодексіне енгізілген өзгертулер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм инфрақұрылымының құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда ұлттық саябақтардағы инфрақұрылым мәселесі өзекті. Ерекше қорғаудағы аумаққа келушілер де, туризмді дамытумен айналысатын кәсіпкерлер де сапалы жол салынбағанына, коммуникациялық желінің нашарлығына, электр қуатының әлссіздігі мен жаяу жүру жолдарының жасалмағанына және сол сияқты түрлі олқылықтарға шағымданады.

Бұл мәселені зерттеу келе «Атамекен» ҚР ҰКП мәселе ұлттық парктердің аумағында туристік инфрақұрылым құрылысына ммүкіндік беретін заңнамалық базаның жоқтығында екенін анықтады.

Біріншіден, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға сәйкес қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен табиғатты қорғау мекемелерінің қаржысынан, сондай-ақ грантпен жүргізіледі.

Алайда осы заңның 35-бабында ұлттық парктердің туристік, рекреационды және шектеулі щаруашылық қызметінде инфрақұрылымды дамыту нысандарының құрылысы қарастырылмаған.

Екіншіден бюджет заңнамасына сәйкес, ұлттық парктердің көбі республикалық мәнге ие нысандар ретінде қаржыландыру тек республикалық бюджеттен қаржыландыру арқылы жүреді, бұл жергілікті бюджетті, әсіресе әкімдіктің туризмді дамыту мәселесіне қатысты қызметін шектеп келген.

Нәтижесінде Қазақстанда табиғи қорғау мекемелерінің қаржыландыру көзі жоқ деуге болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП мемлекеттік уәкілетті органдармен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен туристік қызмет саласындағы бірлесіп атқарған жұмысының қорытындысы бойынша 2017 жылы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға табиғи қорғау мекемелерін дамыту бойынша іс-шараларды қаржыландыру тізімін толықтыру бөлігіне өзгертулер енгізілді. заң бабына туристік, рекреационды және шектеулі шаруашылық қызметі аумақтарында инфрақұрылым құрылысы мен дамыту бойынша тармақ қосылды. Бұл табиғатты қорғау мекемелерінің бюджетін жоспарлағанда жол, көпір, электр желісі және басқа да коммуникациялар құрылысын енгізуге мүмкіндік береді.

Алайда, ұлттық парктерді дамытуда жергілікті атқарушы органдар мүдделі екені, сондай-ақ автожол, электр желісі мен басқа да коммуникациялардың құрылысы бойынша жобаларлың құны мен әлеуметтік мәні жоғары екенін ескере отырып, ҚР Бюджет кодексіне жергілікті бюджеттен қаржыландыруға рұқсат беру бөлігіне өзгерту енгізу қажеттігі сезілді.

Нәтижесінде мәселені мемелекеттік органдармен және депутаттық корпустармен пысықтаған соң, «Атамекеннің» бастамасымен кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасын қабылдау аясында ҚР Бюджет кодексіне өзгертулер енгізілді. Бүгінде ҚР Бюджет кодексінің 54-бабында (облыстық бюджеттің шығыны) республикалық мәні жоғары ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтардағы құрылыс нысандарын қаржыландыру қарастырылған.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер