«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түрік сарапшысы қонақүй бизнесі саласында кеңес беруде

2018 жылғы 25 Маусым
- Қостанай облысы
7624 просмотров

Туризм мен Түркия бүгінде егіз ұғымға айналғандай. Өйткені қонақүй бизнесінде түрік сарапшылар нағыз кәсіпқой мамандар. Осындай бизнес мамандарының бірі Сонер Мутлу қазір Қостанайда жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибесімен бөлісіп, кеңес беруде.

 Түрік маманы «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында «Аға Сеньорлар» жобасы бойынша келген.

 «Бұл жоба шағын және орта бизнес өкілдеріне жоғары білікті шетелдік сарапшыларды шақырып, кеңес алуға мүмкіндік беріп отыр. Біз кәсіпкерлерден өтініштер қабылдаймыз, тізім жасап, оны «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына жібереміз. Орталықта біліктілікке сай келетін шетелдік сарапшыларды іздеп, бірнеше кандидатты табады. Осы мамандар ішінен «Аға сеньорды» кәсіпкерлер өздері таңдайды. Мемлекет осы бағыттағы шығындарды тасымалдау мен сарапшы қызметін төлейді. Ал шетел қонағын күткен кәсіпорын сарапшының тамақтану мен орналстыру бойынша, аудармашы шығындарын көтереді», – деді ӨКП сарапшысы Роберт Юсупов.

   Сонер Мутлу Бодрум мен Лондонның үздік қонақ үйлерінде  26 жыл істеген. Маман бірнеше күн бойына қостанайлық «Медеу» қонақүйі қызметкерлерінің жұмысын бақылап жатыр.

«Бұл отельдің жұмысы жақсы ұйымдастырылған. Қызметкерлер өз ісін нақты біледі», – деді Сонер Мутлу.

 Сарапшының айтуынша әлемде қонақүйлер ұқсас келеді, десе де әрқайсысы – бірегей. Әсіресе өңірлік қонақүйлер өзгешіл келеді.

 Ал қостанайлық қонақүй бизнесі саласында не қажет деген сұраққа сарапшы ойын білдірді:

 «Біріншіден, мұнда ағылшын тілін білетін адам саны аз. Туристерге бұл жайт ыңғайсыз. Екіншіден, ойын-сауық орталықтардың көп болуы керек, яғни турист көңіл көтеруі үшін жағдай болуы шарт».

 26 маусым күні Қостанайға тағы бір «аға сеньор» келеді. Бұл маман да Түркиядан, ол  қонақүй мен мейрамхана саласында кеңес береді.

 Келесі кезекте осы жоба бойынша жол бойғы сервис, саңырауқұлақтар өсіру мен құмыс сублимациясына қатысты шетелдік сарапшылар келеді деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер