Мәулен Әшімбаев Алматы облысы бизнес-қоғамдастығымен кездесті
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мұшелерімен және жас кәсіпкерлермен кездесті
Кездесуге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Өңірлік кеңес төрағасы Римма Салықова, Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов та қатысты.
Кездесу барысында өңірлік палатаның директоры Нариман Әбілшайықов Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен бизнес-инкубатор жұмыс істейтін Atameken Business City қызметі туралы баяндады. Облыстық палатаның басшысы «Бастау» жобасының жүзеге асырылу барысы мен адами капиталды дамыту саласындағы жобалармен таныстырды.
«Бүгінде біздің қолдауымызбен кәсіпорындардың жанында 18 оқу орталықтары ашылды, онда 800 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жаңа жұмысшы мамандығын игерді. Мұнымен қоса, кәсіби-техникалық білім беру саласындағы тапсырысына сараптама жасалды. палата ұсынысынан кейін, мемлекеттік тапсырыс нарық сұранысына қарай 35%-ға өзгерді», – дейді Нариман Әбілшайықов.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Өңірлік кеңес мүшелерімен, жас кәсіпкерлермен кездесті.
StartUp Академиясының басшысы Дамир Дигай Кәсіпкерлер палатасы және «Даму» қоры, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлесіп ашылған академия жұмысымен таныстырды. Кәсіпкер Олжас Зәкірұлы инновациялық-композициялық материалдан санитарлық-техникалық бұйым өндірісі туралы айтты. Ал Маржан Чалматаева көшет тамырының өсуін ынталандыратын жабдық құру бойынша жоабсын таныстырды. Жеңіс Молдахметов VR house жобасын назарға салса, Әлішер Ибраев инватуризмды дамыту жобасының нәтижесі мен келешегі туралы баяндады.
«Даму негізі – шағын және орта бизнес. Бұл салық, жұмыс орындары, әлеуметтік игілік, осы бағытта Алматы облысында көптеген іс атқарылып отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, ол «Нұр Отан» партиясының бастамалары мен жүзеге асырылып отырған жобаларына тоқталды.
«Жобалардың бірі жер бойынша бір терезе құру. Осының арқасында жер учаскесінің қайсысы қойылғанын, бағасы, стандарты мен талаптары қандай екенін білуге болады. Барлығы да ашық өтеді. Осындай жүйені Елбасының тапсырмасына орай «Атамекенмен» бірлесіп жүзеге асырып отырмыз», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Мұнымен қоса, Мәулен Әшімбаев мектептердегі асхана мен өңірдегі кітапханалардың жұмысын жаңғыртуға бизнестің қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: