«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан кәсіпкерлерінің этика және іскерлік әдебі кодексі қабылданды

2018 жылғы 21 Маусым
11856 просмотров

Құжатқа бизнесмендер этикасының базалық қағидалары енген. Осы Кодексті бұзу бойынша шағымдарды қарастыру арнайы құрылған этика бойынша кеңес («Атамекен» Төралқасы және Өңірлік кеңестері жанынан құрылады) жұмысы аясында жүзеге асады деп болжануда. Кеңес құрамына мінсіз абыройы бар анағұрлым беделді кәсіпкерлер кіреді.

Өзінің құрылған күнінен бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталып отыр. Осы бағытта заңнамалық деңгейде әрі тәжірибе жүзінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бизнеске жасалып отырған «қысым» деңгейі төмендеді. Бұл жайт кәсіпкерлік дамуы мен өсуіне негіз беріп отыр. Алайда мемлекеттік бақылаудың қысқаруына байланысты тауар, жұмыс, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде басқа құралдар қажеттілігі туды.

Осы ретте ҰКП адамдар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне, тұтынушылар, бизнес және мемлекет мүдделері арасында теңгерімге қол жеткізуге бағытталған шаралар жүйесін әзірледі.

«Қазақстанда бизнес жүргізу этикасының жетілу дәстүрі енді ғана қалыптасу кезеңінде тұр. Кәсіпкерлер тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде өз жауапкершілігін толық сезініп жатқан жоқ. Сонымен қатар бизнес серіктестер, кәсіпорын қызметкерлері, бүкіл қоғамның мүддесі ескерудің қуатты дәстүрі әлі қалыптаспады. Бүгін қабылданған Кәсіпкерлер этикасы мен іскерлік әдебі кодексі осы сын-тегеуріндерге толық жауап береді деп күтілуде», – деді Рустам Жүрсінов.  

 Сондай-ақ, «Ашықтық. Жауапкершілік. Бедел» атты пилоттық жоба қарастырылып отыр. Аталған жоба аясында кәсіпорындарға этикалық ережелер бойынша консультациялық көмек көрсету жоспарланған. Сәйкес салаларда отандық және шетелдік этикалық кодекстердің үлгілері, іскерлік әдеп стандарттары жарияланатын болады. Сонымен қатар адал және жауапты кәспорындардың «Ақ кітабын» енгізу және осы ақпаратты ашық қолжетімділікте жариялау жоспарланған. Осы ретте  салалық сегменттерде этика стандарттарын ұстануды бағалауға негізделген кәсіпкерлер рейтингтерінің маңызы зор болмақ.

 Спикердің айтуынша, «Атамекен» алаңында бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін анықтау және сақтандыруға жататын тәуекелдер туралы мәселелер; статистикалық талдауды және актуарлық есептеулерді жүргізу; үлгі шарт жасау мәселелрі талқылануда. Бұл мәселелер ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген  Жол картасы жобасына енген. Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП Сатып алулар туралы Заңға өзгертулер енгізу бастамасын көтерді.

  «Ұлттық стандарттарды қолдану арқылы өндірілген тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге басымдық берілуі керек, ал ұлттық стандарттар болмаса назарға мемлекетаралық стандарттар алынады (МемСТ). Үкімет «Техникалық реттеу туралы» Заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Ұлттық палата үздік халықаралық пратикаларды енгізу бойынша сараптамалық сүйемелдеу көрсетуге дайын. Бұл мәселеде өзін-өзі реттеу институтын дамытудың әлеуеті зор екенін көреміз. Өзін-өзі реттеу тұтынушыға ұсынылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасына берілетін кепілдікке айналуы тиіс. Өзін-өзі реттеу ұйымын құру шынайы берумен сүйемелденіп, нақты рұқсаттар мен лицензияларды қысқартуымен жүргізілуі тиіс. Біздің ойымызша, «мемлекеттік функцияны шоғырланған салаға беру» деген қағидат керек», – деді  Рустам Жүрсінов.

 Тұтынушы, бизнес және мемлекет – үш жақты диалогта – бизнеске тұтынушылар тарапынан мықты және білікті оппонент керек. Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде жұмыс істеп тұрған қоғамдар әлсіз дамыған, қажетті деңгейде ұйымдастырушылық және қаржылық базасы жоқ екенін алға тартты.

Бүгінде 172 қоғам тіркелген, оның тек 55-і немесе үштен бірінен де азы жұмыс істейді. Осы ұйымдарды күшейту керек. Ұлттық палата өңірлерде өкілдіктері кең таралған жүйесімен бір одақ астына топтастыруды ұсынып отыр. Мұндай одақ тұтынушылардың мүддесін бірлесіп қорғауға мүмкіндік береді.

«Халықаралық тәжірибеде кәсіпкерлердің іскерлік беделін бағалаудың жалғыз құралы – рейтинг жүйесі, тәуелсіз бағалау және саралау. Мұндай институт бейресми, бірақ бизнес-ортаның өзін-өзі реттеуінде айтарлықтай әсер ететін құрал.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, іскерлік беделді бағалаудың жалғыз құралы – рейтинг жүйесі, тәуелсіз бағалау және кәсіпкерлік субъектілерін саралау. «Қызыл гид Мишлен», қонақ үйлердің «жұлдызды» жүйесі барлығына танымал. Әлем бойынша рейтингтік бағалау институты бейресми мәнге ие, алайда кәсіпкерлік ортаны өзіндік реттеудегі беделді құрал болып табылады. Ұлттық палата рейтингті жүргізуді тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ұйымдардың қатысуымен рейтинг агенттіктеріне қалдырып, тиісті әдістемесін әзірлеуге дайын. Рейтингтер жүйесіне тәуекелдерді басқару жүйесін тескеру және стандарттау саласында тәуекелдерді басқару жүйесіне қатыстыру керек», – деді Рустам Жүрсінов.

Кодексті сақтау кәсіпкерлердің пайдасына жұмыс істейді, ал бұзған жағдайда беделге қауіп төндіреді, бизнеске кері әсер етуі мүмкін. Кодексті бұзу бойынша шағымдар этика жөнінде құрылатын арнайы кеңесте қаралады. Кеңес Ұлттық палата мен Өңірлік палаталардың жанын құрылады. Кеңес құрамына мінсіз беделге ие абыройлы кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

«Осылайша, ұзақ мерзімді келешекке тұтынушылар мен серіктестерге бизнесін дұрыс жүргізетін және адал атқармайтын кәсіпкерлер туралы ақпарат беретін жүйе құрылады. Этикалық тәртіп стандарты мен оларды кәсіби сала мен секторларда бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл шаралар бизнестің жауапкершілігін арттырады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Кодекс жобасын дайындағанда бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпорындардың шетелде енгізген  мыңнан аса ұқсас құжаттарына талдау жасалды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы мемлекеттерге басымдық берілді. Әсіресе Түркия мен Ресейдегі кәсіпкерлік этикасы кодексі мен оның қолданылуы ескерілді.

Еске салсақ, бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Съездің күн тәртібінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмысы бойынша есептер, ҰКП өтпелі кезеңнің аяқталауыына қатысты мәселелер, Басқарма мүшелерінің өкілеттілігі мерзімін жалғастыру және басқа да сұрақтар қаралды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының үндеуін жариялады.

ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ЭТИКА ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ӘДЕБІ КОДЕКСІ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер