«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетін Болат Башеев басқарады

2018 жылғы 21 Маусым
4232 просмотров

Бұған дейін Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетін Мұрат Әбенов басқарып келген

Болат Башеев «Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің төрағасы болып сайланды.

Комитет Ұлттық палатаның ақпараттық-коммуникациялық саланы және «жасыл экономиканы» дамытумен байланысты мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатуы мақсатында құрылған.

Комитеттің міндетіне Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы мен Басқармасы үшін ақпараттық-коммуникациялық индустрия саласында ұсыныстарды талдау және дайындау, ҚР заңнамасын жетілдіру, индустриядағы түткілді мәселелерді анықтау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын дайындау және жүзеге асыру, халықаралық ұйымдар және компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға қатысу кіреді.

Болат Башеев – ARTA Software компаниясының басқарма төрағасы. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Мұрат Әбеновтың орнына сайланды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер