«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Басты міндет – мемлекет, бизнес және тұтынушылар мүддесінің теңгерімі

2018 жылғы 20 Маусым
4909 просмотров

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі инвесторларды әкімшілік қысымнан және сыбайлас жемқорлықтың туындауынан қорғау бағдарламасын дайындады

«Заң үстемдігі – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының кепілі» атты форумда «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүймелдеу» жобалық кеңсесі таныстырылды.

Аталған жоба оңтайлы инвестициялық ахуалды жасау, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институтына сенімділігін арттыру, шет елде мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Данияр Сабырбаевтың айтуынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өндірістік, әлеуметтік және басқа да нысандар құрылысы үшін Қазақстан экономикасына қаржы құюға ниетті инветорларды қорғауға дайын.

«Жобаға қосылу оңай. Басты шарт – бизнес жүргізуде сыбайлас жемқорлық құрамынан 100% бас тарту. Мұнымен қоса, инвестор агенттік және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Ұлттық бюро тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы толықтай қорғаныс алады», – деп атап өтті Данияр Сабырбаев.

Агенттіктің «Атамекенмен» 5 жыл бойы бірлесіп жүргізген сараптамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа бизнес тарапынан бастама көтерудің 7 негізгі себебі анықталғаны туралы хабарлады.

«Кәсіпкерлер ақпаратқа қол жеткізу мақсатында лауазымдық тұлға тарапынан сапалы қызмет алу үшін пара береді. Бұл жайтқа жол бермеуге мүмкіндік бар деп есептейміз, яғни бұған дейін дерек бойынша жұмыс істеп, Қазақстан үшін беделдік шығын болса, бүгінде біздің міндетіміз – ескерту. Біз шын мәнінде осымен айналысамызИнвесторлармен бірлесіп, қандайда бір мемлекеттік органға бармас бұрын сол органға ескерту жасап, оның инвесторларды қорғау бағдарламасымен бара жатқаны айтылады», – деп түсіндірді Данияр Сабырбаев.

Спикер бүгінде әлемдік қоғамдастық Қазақстандағы бизнес-ортаны жоғары бағалайтынын атап өтті. Дүниежүзілік банктің Doing Business-2018 рейтингіне сәйкес Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орында. Алайда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі әлі де анықталып келеді. Соңғыс 3 жылда осындай 976 дерек анықталып, 389 лауазымды тұлға сотталған. Сондықтан аталған жоба іске қосылды.

«Біздің басты мақсатымыз – мемлекет, бизнес және тұтынушылар мүддесінің теңгерімі. Кәсіпкерлерге қарата айтар болсам, осы жұмыстың барлығы да бизнестің табысын арттыруға бағытталуы тиіс, бірақ бизнестің қызметі тұтынушылар мен мемлекеттің мүддесіне залалын тигізбеуі керек. Жобаны енді бастап, шын мәнісінде тікелей ескертумен айналысу есебінен ұсынып отырмыз, яғни инвестор тек 1 млн теңге жұмсайды және біз оған сыбайлас жемқорлық шығынын 100%-ға алып тастауға кепілдік береміз. Жобаға қатысушыларға қоятын жалғыз шарт – инвестициялық жобада сыбайлас жемқорлық құрамынан бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік шыдамдылық таныту», – деді Сабырбаев.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асырудың механизмі – инвестордың Агенттікке жүгінуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге келісім беру және «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобалық кеңсесі аясында қолдаумен қамтамасыз ету.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағалары бар, қолға алуды ұсынамын. Осындай жоба бізде болмаған», – деп тұжырымдады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Еске салсақ «Заң үстемдігі – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының кепілі» форумы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңындағы «Бизнес апталығы» аясында ұйымдастырылған. Іс-шараға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті Болат Палымбетов, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша уәкілетті Дилмурод Касимов, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Айгүл Сапарова, ҚР Бас Прокуратурасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі, сондай-ақ «Атамекен», мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов модератор ретінде жетекшілік етті.


Ұқсас жаңалықтар:

Бес жыл – аз ба, көп пе?
19 Маусым
2018
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер