«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Бастау» жобасының түлектері мен қатысушыларының форумы басталды

2018 жылғы 19 Маусым
2875 просмотров

Елордада «Атамекен» ҰКП V Съезі аясында «Бастау» жобасының түлектері мен қатысушыларының форумы өтіп жатыр

Форумның тікелей көрсетілімін https://www.facebook.com/atamekentv.kz/videos/1750534508365929/ сілтемесі арқылы Atameken business channel телеарнасынан тамашалауға болады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ­– «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қаржылай емес қолдау операторы әрі Аталған бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау» жобасын іске асырып отыр.

Жобаның басты мақсаты  – еліміздің бизнес-бастамасы бар, өзін өзі жұмыспен қамтыған және ауылдағы жұмыссыз тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл халқының экономикалық белсенділігін арттыру.

2017 жылы 80 ауданда 15 000 адам оқытылып, солардың 3314-і бизнестерін ашты немесе кеңейтті.

«Бастау» жобасының биылғы нысаналы көрсеткіші екі есеге артты: қамту аймағы 80 ауданнан 160 ауданға, ал оқуға қатысушылар саны 15 мыңнан 30 мың адамға көбейді, сондай-ақ қалалар мен моноқалалар қосылды. Жобаны іске асыру қорытындысында 2018 жылы бизнестің 6 мың жаңа субъектісі ашылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде

Форумға қатысу үшін бизнестерін ашқан немесе кеңейткендер қатарынан жетістікке жеткен 150 кәсіпкер шақырылып отыр. Аталған қатысушылар бірнеше критерий бойынша іріктелді: жобаның әлеуметтік маңызы, жұмыс орындарының құрылуы, жобаға қатысушының әлеуметтік әлсіз санатқа жатуы және бюджетке салықтың түсуі.

Осы форум аясында «Бастау» түлектері 2017 жылы іске қосқан 30 үздік бизнес-жоба марапатталады. Үздік бизнес-жоба бизнес-тренерлер мен өңірлік үйлестірушілерден тұратын комиссияның алқалы ашық дауыс беруі негізінде іріктелді.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде оқыту, қаржыландыру және бизнес-жобаларды сүйемелдеу элементтерін жақсарту бойынша тың әдіс-тәсілдердің таныстырылымы жоспарлануда. Министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен, форумға шақырылған депутаттармен, сарапшылармен, экономистермен жобаны жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар талқыланбақ.

Қонақүй фойесінде көрме өтті. Үздік бизнес-жобалар санаты бойынша іріктелген қатысушылар экранда өз бизнестерін таныстырды әрі іске асыру кезеңдері, жобаның аудан үшін маңыздылығы жайында  егжей-тегжейлі ақпарат берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер