«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бес жыл – аз ба, көп пе?

2018 жылғы 19 Маусым
- Павлодар облысы
4365 просмотров

Жүріп өткен жол мен жеткен жетістік қана бұл сұрақтың жауабын береді

Биыл қыркүйек айында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 5 жыл толады. Қазір бизнесті қолдау, оның дамуын тежейтін кедергілерді жою туралы айтылып отырғанда дәл Палатаға үлкен рөль берілген.

Жергілікті жерде жұмыс қалай жүргізіліп отырғаны туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Бейсейітов баяндады.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметіндегі негізгі бағыт – бизнестің құқығын қорғау. 2017 жылы 1,3 млрд теңгедан астам сомада бизнестің мүліктік құқығы қорғалды. Мұнда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің атқарған еңбегі елеулі», – деді Серік Байсейітов.

Өңірлік палата басшысының айтуынша, бизнесті қорғау жүйесі Бизнес-омбудсмен институты енгізілген екі жылдан бері айтарлықтай күшейген. Прокуратура органдары, Павлодар облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысындағы департаментімен байланыс орнатылды.

Құқық қорғаудан бөлек, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаларды сүйемелдеу, біліктілікті арттыру, қаржылай емес қолдау көрсету, мемлекеттік-жемекеншік әріптестік механизмін енгізу жұмыстары жергілікті тауар өндірушілердің өнімін ілгерілетуге, «Іскерлік байланыс», «Аға сеньорлар» жобалары арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті дамытуда 2017 жылы қолға алған «Бастау» жобасының салмағы да, үлесі де зор.

«Бастау» жобасы ұзақ мерзімге арналғанына қарамастан, қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп жатыр.

2017 жылы Павлодар облысынан «Бастау» жобасында 937 адам оқыды. Курс аяқталған соң жалпы сомасы 439 млн теңгеге қаржылай қолдау көрсетіліп,128 тұрғын кәсіпкерлік қызмет жолына түсті. 2018 жылы 1765 тыңдаушы білім алады деп жоспарланған.

Палатаның бастамалары көп жағдайда заңнамалық деңгейде жүзеге асырылады. «Атамекен» ҚР ҰКП жұмысындағы жетістіктің бірі – кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаға түзетулердің енгізілуі.

«Бизнесмендерді тексеру 30%-ға азайтылды. Кәсіпкерлікті реттеу саласындағы заңнаманы ырықтандыру әкімшілік кедергілерді қысқартуға, бизнес-ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Серік Байсейітов.

Жыл сайын еліміздегі іскерлік қоғамдастық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезінде бас қосады. Онда қызмет қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыстың басым бағыттары анықталады.

Биылғы жылы да Павлодар облысының бизнес өкілдері сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, аудандық филиалдардың басшылары 21 маусымда өтетін V Съезге қатысады.

«Жыл сайын Съезге еліміздің әр өңіріндегі бизнес өкілдері қатысады. Бұл түйткілді мәселелер талқыланып, жетістіктер жайлы ақпаратпен бөлісудің мүмкіндігі. 5 жыл ішінде Палата кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді механизмін жасады, бизнес пен биліктің байланыс алаңына айналды», – деп атап өтті Серік Байсейітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер