Қостанайда шекара маңына жақын аумақтағы кәсіпкерлер әйелдердің форумы өтті
15 маусымда Қостанайда Қазақстан мен Ресейден 250-ге жуық кәсіпкер ханым бас қосып, шекара маңындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. Форумға қатысушылар кәсіпкерліктегі ортақ мәселені көтеріп, сәтті жобалармен бөлісті. Жобалардың қатарында «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асыратын қаржылай емес қолдау шаралары көрсетілгеннен кейін ашылған.
Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Парламентінің депутаттары, министрлік пен Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
«Өңірде сыртқыэкономикалық байланысты нығайтуда жүйелі жұмыс атқарылып келеді, – деді алғы сөзінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов. – Шекараға жақын облыстармен келісімдер жасалып, жүзеге асырылып отыр. Осы келісімдердің аясында делегаттар тәжірибе алмасып, экономикалық ынтымақтастық стратегиясын пысықтайды. Мысалы, біздегі «Жас Қанат – 2006» құс фабрикасының базасында Ресей мен Қазақстан өкілдерінің қатысуымен халықаралық оқу семинары өтті... Бүгінде Қостанай облысында 49000 кәсіпкер жұмыс істейді, оның жартысына жуығы қыз-келіншектер. Үлгі ретінде Қазақстан мен шекараға жақын облыстардағы тұтынушыларға кеңінен танымал «ДЕП» ЖШС атауға болады. Оны Любовь Дружинина басқарады. Кәсіпорын тәулігіне 200 тоннадан астам сүтті қайта өңдейді».
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрайымы Ажар Кеджибекова түсіндіріп өткендей, Қазақстанда әйелдер білім беру, жылжымайтын мүлік, бөлшек және көтерме сауда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, кәсіби және ғылыми-техникалық қызмет саласында жеке кәсіп ашқан. Дегенмен аграрлық саладағы үлесі аз. 227 мыңнан астап жеке кәсіпкер әйелдің 23% ғана ауыл шаруашылығында.
«Ауылда бизнесті қолдау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асырады, – деді Ажар Кеджибекова. – Министрлік Аграрлық несие корпорациясы арқылы өңірлерде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке тартып келеді. Ауылдық жерлер мен моноқалаларда бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 6%-бен 7 жылға несие беріледі. Кәсіпкерлердің қабілетін ашатын арнайы курстар оқытылуда. Министрлік пен «Атамекен» палатасы 2017 жылы «Бастау» жобасы арқылы 15000 адамға білім берді, оның 41,5%-ы әйелдер».
Қонақтар Қостанайдағы кәсіпкер әйелдердің жобасымен жақын танысу үшін арнайы көрме ұйымдастырылды.
«Қостанайлық әйелдер негізінен шағын бизнеспен айналысады. Сауда, туризм, сұлулық индустриясы, жартылай фабрикаттарды шығаруды қолға алған, – деп түсіндірді Қостанай облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Роза Горянная. – Дегенмен өзгеше салалар да бар. Мысалы IT-технологиясы саласында да еңбек етеді.
Осы саланың өкілі – «Агро КАС» ЖШС директоры Ирина Сулименка ауыл шаруашылығын автоматтандыруды қолға алған.
«Біз сүт фермаларына жабдық жеткіземіз, – дейді Ирина Сулименко. – Бірегей технологияның бірі – болюстерді тірілту. Ол ірі қара малының денсаулығы, сондай-ақ репродуктивті қызметі туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Түрлі ауруларын анықтауға да болады. Бұл сүт фермалары үшін өте тиімді».
Сонымен қатар көрмеде «Бизнес-Кеңесші» курсын аяқтаған Наталья Ержанова да жобасын таныстыры. Сертификат алғаннан кейін ірімшік дайындаумен айналыса бастаған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: