«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық стандарттарға арналған ақпараттық күн

2018 жылғы 14 Маусым
- Жетісу облысы
4249 просмотров

«КазСтИн» РМК филиалы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында ай сайын Ақпараттық күн өткізеді

«КазСтИн» РМК филиалы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қоғамдық тамақтану, туристік және қонақ үй қызметтерінің, сауда саласындағы ұлттық стандарттары, сондай-ақ, ХACCП жүйесіне негізделген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінде жиын өткізді.

Отырысқа қоғамдық тамақтану, қонақ үй және туризм, сауда саласындағы кәсіпорындардың, сондай-ақ, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМҚК, «ҰССО» ТФ АҚ-ның және облыстық басқармалар мен департаменттерінің өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты – қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік қызмет көрсету, сондай-ақ сауда саласындағы кәсіпорындарды өз қызметінде қолдануға арналған қабылданған ұлттық стандарттар туралы хабардар ету.

КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті өндірушіден тамақ өнімдерін өндіру процестерін енгізу, ХАССП (ағыл.тіліндегі транскрипциясы НАССР – Hazard Analysis and Critical Control Points), принциптеріне негізделген рәсімдерді әзірлеу, енгізу және жүргізуді талап етуіне байланысты, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша презентация ұсынылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Азық-түлік өнімдерін санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы Гаухар Каткенова аталған қызмет көрсету саласындағы санитарлық нормалар мен нормалардың болуы туралы атап өтті.

Кездесу барысында халыққа қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы стандарттар, санитарлық және басқа да ережелер жөнінде кәсіпкерлерді ақпараттандыру бойынша пікір алмасты. Оның нәтижесі бойынша Кәсіпкерлер палатасында айына бір рет ақпараттық күн өткізу туралы шешім қабылданды.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының  сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы Айгүл Ыдырысова «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 3-тарауы, 10-13-баптарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы бөлігіне толықтыру енгізу туралы ұсыныс айтты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер