«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді ғылыми жетістіктерді бизнеске айналдыруға шақырды

2018 жылғы 15 Маусым
- Жетісу облысы
5216 просмотров

«Атамекен» алаңында «Ғылым Қоры» АҚ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға қатысу талаптарын түсіндіруге бағытталған семинар өтті.

Семинар барысында Қор өкілдері байқаудың таныстырылымын өткізіп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берді. Конкурсқа ғалымдармен қатар, бизнес өкілдері де қатыса алады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына арналған грант көлемі 300 млн теңгені құрайды.

Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері бойынша орынбасары Әсет Шаяхметов кәсіпкерлер үшін жаңа технологияларды енгізу мен оларды коммерцияландырудың маңызды екенін атап өтті. Себебі, инновациялық технологиялармен жұмыс істеу табысты даму кепілі және нарықтың бүгінгі сұранысына жауап береді.

Гранттар өндіріс ашу, өнімдерді сатуды ұйымдастыруға, өндіріс үрдістерін модернизациялауға, интеллектуалды меншік нысандарын пайдалану құқығын сатуды ұйымдастыруға беріледі. Өтінімдерді қабылдау 18 маусым күні басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

«Өткен жылы гранттық қаржыландыру байқауына 502 жоба келіп түсіп, оның 71-і мақұлданды. Соның ішінде 2017 жылы Алматы облысы бойынша 6 жобаға грант тапсырылды. Жалпы, Алматы облысында ғылыми қызмет нәтижелері бойынша құны 1 476 млн теңге болатын 7 жоба іске асырылуда. Соның ішінде 109,6 млн теңге болатын жобалар бизнестің қатысуымен жүзеге асырылды», - деді Жобалық дирекцияның директоры Александр Ким.

Іске асырылған жобалардың ішінде биогумус пен биопрепараттарды өндіретін биотехникалық кешен, қант қызылшасынының жоғары сапалы тұқымдарын шығару технологиясы, жануарлардың құтыруына қарсы вакциналар өндірісі және т.б. жобалар бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер