«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

  «Атамекен» авиа саласына кешенді талдау жасауды ұсынып отыр

2018 жылғы 15 Маусым
4324 просмотров

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алаңында азаматтық авиация саласындағы көліктік саясаты дамуы мәселелрін бойынша жұмыс тобының отырыс өтті, онда авиация саласының өзекті мәселелері қаралды. Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, салалық қауымдастықтар  мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Роман Скляр өкілітетті орган азаматтық авиацияны дамытуда тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті. 

Өз кезегінде Елдос Рамазанов азаматтық авиация саласында өзекті мәселелер легі жиналғанын алға тартты. Бұл бағытта тараптардың мүдделерін реттеу мүмкін болмай тұр, өйткені көлік саласында мақсат, міндет пен жоспарларды ескеретін бірыңғай құжат жоқ.

 

«AMG» ЖШС бас директоры Асқар Мұратбаев «Атамекеннің» ұстанымын қолдады, оның айтуынша азаматтық авиациядағы стратегияның, басқаратын органның болмауынан сала қатысушылары арасында даулар орын алып жатады.

«Мемлекет тарапынан сараланған саясат болмағанда Крыловтың мысалындағы «Аққу, шортаң һәм шаянның» кері келеді. Біз өз тарапымыздан салаға жетекшілік ететін органды тағайындауды ұсынбақпыз. Бүгінде салаға жанама қатысты екі құжат бар – Елбасының «Ұлт Жоспары –100 нақты қадам» бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы. Алайда бұл құжаттарда азаматтық авиацияға қатысты мәселелер қысқа жазылған», – деді Асқар Мұратбаев.

 Елдос Рамазановтың айтуынша, сала қызметкерлері бұл мәселені «Атамекен» алаңында ұдайы көтереді.

«Қандай бағытта қозғалудың бірыңғай жүйесі жоқ. Қазіргі таңда бизнес өз бағдарын саралауы үшін бізге  кем дегенде 10 жылға сала дамуының кешенді жоспарын дайындау керек. Мәселе тез шешім тауып, нақты ұсыныстар жасалуы керек, өйткені бизнестің кідіруге уақыты жоқ», – деді Елдос Рамазанов.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өз кезегінде бизнесті қолдап, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мәселені қарастыруды ұсынды. Асқар Мұратбаев әуежайлар үшін өзекті  – бірінші линияны тексеру мәселесін көтерді. Бұл ҚР ІІМ міндеті екенін нақтыланды, ал шаруашылық объект штатты ұстау, тексеруге арналған жабдықты алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар әуежайлар күдікті заттарды тартып алуға қаруы да, құқығы да жоқ.

«Мұндай жасақты құру үшін қажетті қаржыландыру жоқ. Тексеру тұрақты түрде жүргізілмейді, тек террорлық қауіп орын алғанда ғана жүзеге асады. Ал тексеру жүргізу үшін бізге топ құру керек, ал оған жабдық пен қаражат қажет», – деді Әкімшілік полиция комитетінің Қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігі басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев.

 Жиын барысында жұмыс тобының мүшелері әуежайларға арналған ҚҚС бойынша артық мөлшерін қайтару рәсімін жеңілдету туралы мәселені талқылады.

Қазіргі таңда шетел әуе компанияларының әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлармен сатылатын жанармайдың айналымы нөлдік ставка бойынша салық салынуда. Осы ретте ҚР Салық кодексіне сәйкес салық төлеушіге есептелген салық сомасына қатысты ҚҚС сомасынан асып кеткен жағдайда бюджеттен ақша қайтарылуы керек. Алайда бірде бір әуежеай ҚҚС бойынша ақшасын қайтара алмады, өйткені осы бағыттағы тексерулер кезінде,  ҚҚС-тің бүкіл сомасы тексеріледі.

 «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару процедурасы салық заңнамасында толықтай ескерілмеген, өйткені осы бағыттағы тексерулер кезінде, барлық айналым бойынша түзілген ҚҚС-тің бүкіл сомасы тексеріледі. Осы ретте салық органдары екінші және одан да көп деңгейдегі жеткізушілердің сұрауларына жауаптардың жоқтығын сылтау етіп, ҚҚС бойынша толық қаражатты қайтарудан бас тартады», – деді «SCAT» Авиакомпаниясы» АҚ Даму бойынша вице-президенті Дәулет Хамзин.

Бұл ұсыныс ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрілігі тарапынан қолдау тапты. Жүгі жоқ жолаушыларды әуе тасымалдауға тариф енгізуді «Air Astаnа» үкіметтік және заңнамалық істер және қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Денис Иванов ұсынды, оның айтуынша Ресей осындай салықты енгізуі Қазақстанға шығын әкелуде.

Бұл ұсыныс ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрілігі тарапынан қолдау тапты. Жүгі жоқ жолаушыларды әуе тасымалдауға тариф енгізуді «Air Astаnа» үкіметтік және заңнамалық істер және қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Денис Иванов ұсынды, оның айтуынша Ресей осындай салықты енгізуі Қазақстанға шығын әкелуде.

«Жүкті тегін тасымалдаусыз билеттерді сату, авиабилеттердің құнын 10-20%-ға төмендетеді. Бізді ел ішінде бағыттар көп, жолаушылар жүксіз жүретін тарифтерді белсенді қолданатын болады. Бұл шара отандық авиакомпанияларына жолаушы тасымалдарының көлемі бойынша жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар республикада лоукостер-авиакомпаниялардың дамуына жағдай жасалады», – деді Денис Иванов.

Роман Скляр ұсынысты қолдады.

«Мұндай тарифті енгізуде жолаушы зардап шекпеу керек. Басты талап – қол жүгін алып жүруді шектемеу», – деп нақтылады Роман Скляр.

 Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Министрлік пен «Атамекен» азаматтық авиация саласында кедергілерді азайту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер