«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық іскер әйелдерді бірігуге шақырды

2018 жылғы 11 Маусым
- Қарағанды облысы
5807 просмотров

Қарағандыда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Хатшылығының басшысы Лаззат Рамазанованың қатысуымен Іскер әйелдер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға өңірдің барлық аудандарынан келген іскер қыз-келіншектер қатысты.

Кеңестің жаңа бастамалары жайында айтқан Лаззат Рамазанова өзекті мәселелерді тиміді шешу мақсатында іскер әйелдердің салалық қауымдастықтарға  бірігуінің қажеттілігін атап өтті.

 

«Қарағанды облысында екі негізгі салалық қауымдастық бар, олар – туризм және мектепке дейінгі білім беру. Егер заманға қарай дамып, адал бәсекеге қарай ұмтылсаңыздар, онда өзін-өзі басқаратын ұйым қағидаты бойынша жұмыс істеулеріңіз қажет. Қазіргі таңда өңірдегі негізгі бизнес бағыттарды қамтитын «тірі» салалық қауымдастықтар құру маңызды», – деді Лаззат Рамазанова.

Осы ретте бұл қауымдастықтар гендерлік ерекшелеі бойынша құрылмауы тиіс деп санайды Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. Іскерлік ынтымақтастық – әйелдер коопарциясының инновациялық формаларын құруды ойыластыру керек. Биыл Кеңес әйелдер коопартивтік қозғалысы дамуына ерекше мән бермек.  

 

 «Өкінішке қарай ма, жоқ әлде қуанышқа орай, кооперацияларды әйелдер жақсы қалыптастырады. Бұл тәжірибе мен өңірдегі әйелдер белсенділігімен дәлелденіп отыр. Қазіргі таңда Астана қаласында Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы құрылып жатыр.  Біз бұл орталық Өңірлік іскер әйелдер кеңестермен тығыз жұмыс істеп, әйелдер кооперациясын дамытуға инвестициялар тартады деген ойдамыз», – деп хабарлады Лаззат Рамазанова.

 Бүгінде Қарағанды облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері экономиканың түрлі саласында қызмет етеді, атап айтқанда ауыл шаруашылығы, құрылыс, мейрамхана мен қонақүй бизнесі, сұлулық индустриясы және т.б. Лаззат Рамазанованың айтуынша, Қазақстандағы әйелдер бизнесі – қуатты күш, алайда қазір әйелдердің ел экономикасына қосқан үлесін арттыру үшін оны дамытуға күш салу керек.

 Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, Лаззат Рамазанова «Атамекеннің» осы бағыттағы барлық бастамалары Іскер әйелдердің кеңесінің 4-ші Конгресінде қаралатынын айтты. Жыл сайынғы Конгресс 20 маусым күні Астана қаласында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер