Саумалкөлден Астанаға қатынау 5 сағат
«Астана – Көкшетау – Володарское» бағытындағы электр пойызының қосылуымен Айыртау тұрғындары Саумалкөлден Астанаға 5 сағат 35 минутта жетеді.
Өткен аптада Айыртау ауданы «Володарское» бекетінің перроны халыққа лық толды. Мұнда Саумалкөл ауылының тұрғындары ғана емес, ауданның қонақтары да жүрдек пойызды қарсы алуға келді.
Электр пойызы жайлылықтың 3-класындағы 6 вагоннан тұрады. 376 адам орналаса алады. жайлы, экологиялық таза әрі қауіпсіз.
«Электр пойызы қалааралық хабар алмасудың халықаралық стандартына сай. Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін желдету жүйесі, жылыту, суыту қосылған, бейнебақылау да бар. Ең бастысы, бұл жүрдек пойыз аптасына екі рет қатынайды. Мұндай пойызды көптен күткен едік», - дейді Кәсіпкерлер палатасының Айыртау аудандық филиалының басшысы Данияр Қалымов.
Астана – Көкшетау – Володарское» бағытындағы электр пойызы жұма және жексенбі күндері қатынайды. «Володарское» бекетіне сағат 13-35-те келеді, 16-00-де қайтады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: