«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сиань қаласында Қазақстанның сауда-мәдениет үйі ашылады

2018 жылғы 11 Маусым
3099 просмотров

Пекинде Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесінің 5-отырысы өтті. Іскерлік кеңестің жұмысына шамамен 500-ге жуық кәсіпкер қатысып, оның ішінде Қазақстан тарапынан 100-ден астам бизнесмен болды.

Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесінде 4 панельдік сессия өтті. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы «Қазақстан мен Қытайдың шағын және орта бизнесі арасында ынтымақтастық пен сауданы дамыту» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.

Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Xi'an Silk Road Electronic Commerce Co., LTD компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, Аталған келісім аясында Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның сауда-мәдениет үйі ашылады.

Бұл жоба Қазақстан компанияларына Қытайдың солтүстік батысында басты экономикалық және стратегиялық орталыққа айналуға мүмкіндік береді. Бұл өкілдік отандық өндірушілерге Қытайдың ішкі нарығына шығуына жол ашпақ. Сондай-ақ өнім экспорттауды дамытуды мықты серпіні болмақ.

Жалпы Сауда алаңы шамамен 5000 ш.м. аумақты алады. Қазақстан өнімін қоятын шоу-румдардан тұрады. Қазақстан кәсіпкерлері Қытайдағы контрсеріктестерімен кездесулер өткізіп, келіссөз жүргізу үшін коворкинг орталығын пайдалана алады. Сонымен қатар Сауда үйінде тауар сақтайтын қойма да қарастырылады.

Сауда үйі аясындағы ынтымақтастық Қытайға шығарылатын экспорттың көлемін арттыруға сеп болады әрі Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың мүмкіндігі. Осылайша туристердің келуі де артып, Қытаймен жан-жақты байланыс орнатуға кеңінен жол ашылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер