«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Аға сеньорлар» жобасы арқылы ауылда ағылшын тілі меңгеріледі

2018 жылғы 08 Маусым
6560 просмотров

«Білім – үздік инвестиция», - деп есептейді Жанар Хабибуллаева. Екі жыл бұрын шет тілі пәнінің мұғалімі екі жыл бұрын грант ұтып, балалар мен ересектерге ағылшын тілін оқытататын шағын білім беру орталығын ашты.

Бір жыл өткен соң Жанар Хабибуллаева «Іскерлік байланыс» жобасына қатысуға шешім қабылдады. Облыс орталығындағы курстарда шеберлік сағаттары мен тренингтерді Қазақстан, Ресей және басқа да шетелдік сарапшылар өткізді. Іскер ханымның айтуынша білімін арттырған.

Өзін-өзі дамытумен айналысқан Жанар Хабибуллаева бизнесін де сәтті жүргізіп келеді. Қазіргі таңда кәсіби біліктілігін арттыып, сабақ берудің жаңа әдістерін үйрену үстінде.

«Тіл курсына қыста 40-қа жуық адам қатысады. Оның қатарында оқушылар да, студенттер де бар. Қазір демалыс уақыты болғандықтан 15 оқушы қатысып отыр. Осы аптада Түркиядан ағылшын тілінің маманы Қызылгүл Валибакова келді. Шетелдік маман тіл үйретудің жаңашылдықтарымен бөліседі. Озық әдістеме, сабақ өткізудің формасын, балалармен жұмыс істеу, сабақты ойын түрінде беру секілді мәселелерді талқыладық. «Аға сеньорлар» маңызды да қажетті жоба», - деді кәсіпкер.

Ал Түркиялық мұғалім Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Бірінші санаттағы маман 6 тілді жетік меңгерген. Ол білім беру орталығымен қатар аудандық ауруханаға барып, медициналық қызметкерлерге де шеберлік сағатын өткізді.

«Түркиялық маманды Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы «Аға сеньорлар» жобасымен шақырды. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен жүзеге асырылады. Бұл жобаға экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Кәсіби деңгейін арттыруды қалайтын кәсіпкерлер палатаға өтінім беруі керек», ­- деді БҚО кәсіпкерлер палатасы Зеленов аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақова.

«Аға сеньор» шағын орталықта апта соңына дейін сабақ береді. Кәсіпкер үшін бұл жоба тәжірибе алмасудан да маңызды. Кәсіпкер әйел жеке бизнесті ұлғайтуға ынтасы өсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер