«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елдос Рамазанов: «Атамекеннің» аукциондық сауда-саттықты енгізу идеясының алғашқы нәтижесі бар

2018 жылғы 08 Маусым
4507 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Жаңғырмалы энергия көздерінің ІІ Саммитінде хабарлады.

«Серпінді өсуге қарамастан, бірқатар мәселе ашық күйінде қалып отыр. Соның бірі – қалыптасқан станциялардың бағасымен салыстырғанда жаңғырмалы энергетика көздерінің бағасы айтарлықтай жоғары. Жарғырмалы энергия көздерін тұтынушылар мен инвесторлардың арасындағы теңгерімді сақтау үшін «Атамекен» былтыр бекітілген тарифтің орнына аукиондық сауда-саттықты енгізуге бастама көтерді», ­- деп түсіндірді Елдос Рамазанов.

Аталған аукциондық механизмнің оң нәтижесі бар. 2018 жылдың 23 мамырында басталған аукциондық сауда-саттықтың алғашқы күніндегі нәтиже бойынша жел энергия станциясы үшін тариф 20%-ға азайды.

«Бұл іс-шараның барлығы Қазақстанда жаңғырмалы энергия көздерін дамытуға бағытталған. Алайда, электр энергиясының 60%-ы көмір пайдаланатын электр энергиясында алынанын және көмірден жаңғырмалы энергия көздеріне ауысу бірден орын алмайтынын есте сақтаған жөн. Барлық салалық қоғамдастықтардың шешуін және бірігуін талап ететін белгілі бір сауалдар бар. «Атамекен» өз тарапынан жаңғырмалы энергия көздері үшін нарық негіздерін дамытуды қолдайды және ықпал етеді», ­- деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Жаңғырмалы энергия көздерінен алынатын энергия көлемі жыл сайын артып отырғанын атап өту керек: 30 жылда 13 есе өсті. Күн сәулесі панельдерінің бағасы соңғы 5 жылда 2 есе арзандады, электр қуатымен жүретін көліктер шығарыла бастады. Қалыптасқан энергетикалық нарық ойыншыларының барлығы дерлік жаңа энергетикаға ауқымды инвестиция салумен айналыса бастады. Жалпы, Қазақстанда жаңғырмалы энергетика нарығы дамып отырғанын атап өту керек. Былтыр жаңғырмалы энергия көздерінің 5 нысаны пайдалануға берілді. Биыл жаңғырмалы энергияның қуаты 123 МВт болатын 10 нысанды енгізу жоспарланған.

Жаңғырмалы энергия көздерінің ІІ Саммиті Астанада 8 маусымда өтті, іс-шара басталмас бұрын Саммит спикерлері ағаш отырғызды.

 

Іс-шараны Қазақстан жаңғырмалы энергия көздері қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбаев ашты.

Сонымен қатар ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісі экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі комитеттің мүшесі Шавхат Өтемісов, Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рапиль Жошыбаев, Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов және «Шелл» концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазар сөз сөйледі.

Сонымен қатар Саммитте отандық және Германия, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Армения, Әзірбайжан секілді шетелдік 20-дан астам өкіл, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер баяндама жасады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер