Инновациялық технологиялар паркі «Атамекенмен» байланыс орнатады
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластер қоры бірігіп, өнімдерді сертификаттауды және жоғары технологиялық компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуына кедергілерді жою, жеделдетілген бағдарламаларды жүзеге асыруда отандық ииновациялық және қарқынды техникалық шешімдерді алға тартуда көмек көрсетуге, кеңес беріп, сарапшылық қолдау беруге келісті.
«Біз технологиялар мен инвестицияларды тартуға себеп болатын Қазақстан мен шетелде түрлі шараларды ұйымдастыруда қолдау білдіруге дайынбыз. Бұл шаралар конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу турлары, көрмелер форматында болуы мүмкін. Аталаған меморандум жастар кәсіпкерлігіне және бастауыш кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға оң әсер етеді деген ойдамын», – деді ӨКП директоры Бағдат Телебай.
Ынтымақтастық аясында тараптар шағын және орта бизнес үшін тапсырыстардың сыни массасын қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобаларын іске асырмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: