«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында инвестициялық тартымды жобалар пулы құрылады

2018 жылғы 07 Маусым
- Ақмола облысы
5069 просмотров

Туризм саласында инвестициялық тартымды бизнес-жобаларының пулын құру туралы бастаманы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков көтерді.

Ақмола облысының туристік әлеуеті табиғаттың сан алуандығы, сұлулығы, тарихи-мәдени мұралық бірегейлігімен ерекшеленеді. Дегенмен, осындай факторлардың болуына қарамастан сала ға қосымша туристік қызмет көрсету, инфрақұрылым керек.

  «Бүгінде осы барлық әлеует толық қолданбай отыр. Әлі дамытуға тұрарлық көптеген бағыттар мен бағдарлар бар. Егер оларға мониторинг жүргізіп, инвестициялық тартымды жобалардың пулын құратын болсақ, онда бұл салаға отандық және шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға болады.  Белгілі бір бизнес-құрылымдарда әлеует бар, әрі көптеген бизнесмендер жаңа тартымды жобаларға қаржы салуға дайын. Міне, осындай жобаларды қолға алуды жөн көрдік», – деді ӨКП басшысы.

 Облыстық  Туризм басқармасы, аудан әкімдіктермен бірлесіп, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Туризм саласында жаңа бизнес-жобаларды қалыптастыру бойынша жобалық кеңсені құрды.

 «Бұл тасжол бойындағы сервис, хостел бизнесі, тур бағыттарды цифрландыру, жаңа туристік бағыттар, қонақүй құрылысы, демалыс аймақтары, аттракциондарды орнату сынды жобалар болуы мүмкін. Жақсы сервис әрі тиімді бағалар тірі бәсекелік орнағанда ғана болады. Өңірдегі демалыстың сан алуандығы туристік бизнестің қарқынды дамуына жол ашады», – деді Тимур Нақыпбеков.

 Жобалық кеңседегі кездесулер апта сайын өтеді деп жоспарланған. Жергілік атқарушы органдармен серіктестік көптеген әкімшілік мәселелерді, жер учаскілерін беру, инфрақұрылымды жасау бойынша сұрақтарды шешуге  жол ашады.

 Кәсіпкерлер палатасы барлық мүдделі тараптарды ынтамақтастыққа шақырады. Бизнес-идеяларды жинау бойынша бөлек арна іске қосылады. Дайын идеялар пулын Палата роуд-шоуда таныстырады, ал бұл шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан келген әлеуетті инвесторлар шақырылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер