Талдықорғанда әйел көшбасшылығына арналған шеберлік сабағы өтті
Көшбасшылық қабілетті дамыту бизнестегі қажеттіліктер тізімін бастап тұр, дейді сарапшы
Еуропа қайта құру және даму банкі мен Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен және Кәсіпкерлер палатасының Business Connect жобасының аясында кәсіпкерлік қабілетті дамытуға арналған «Көшбасшылықтың артықшылықтары» атты мастер-классы өтті. Мотивациялық тренингке бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың әйел-басшылары қатысты.
Алғашқы сөз кезегін алған Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықова замауни трендтерге ілесіп қана қоймай, оларды өзгертіп отыру керек екенін айтты.
«Бүгінде Қазақстанның қаржы саласының 30% астамында әйелдер басшылық етеді. Әйел азаматтары шағын және орта бизнестегі 500 астам кәсіпорынды басқарады. Бұл бизнестегі үлестің 43% құрайды. Осы ақпартты жақында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді. Осылайша әйелдердің барлық саладағы белсенділігі артуда. Сондықтан осы замандағы қатерлерге көшбасшылық қасиет пен іскерлік қана төтеп бере алады», – деді Римма Салықова.
Шеберлік сабағын сертификаталған коуч, Оқыту және кәсіптік білім беру институтының (ITOL, Ұлыбритания) лиценцияланған тренері Ғалия Калиджанова өткізді. Сарапшының айтуынша, көшбасшылық қабілетті дамыту саласы ірі өндірістік кәсіпорындар да, коммерциялық емес ұйымдар да, сонымен бірге шағын және орта бизнестегі қажеттіліктер тізімін бастап тұр.
Тақырыптың өзектілігі көшбасшылық қасиеттер бүгінгі жедел өсіп келе жатқан бәсекелестік пен әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке қойылатын жоғары талаптар жағдайында сұраныстағы ресурс түрі болып табылады.
Мастер-класс аясында «PartyFood» жылдам тағам дайындау мейрамханалар желісінің бас директоры Ирина Чен, «Fortuna Food» кондитерлік дүкендер желісінің директоры Ильмира Хәкімова, «Monmartre» антикварлық кофейнясының директоры Ольга Дробина сөйлеп, жеке кәсіпкерлік істі ашу мен дамыту жөнінде, ұжыммен және клиенттермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: