«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтеді

2018 жылғы 06 Маусым
4310 просмотров

21 маусым күні Астана қаласында Жапония және Қазақстан үкіметтері және жеке сектордың экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының жетінші отырысы аясында екі мемлекеттің ресми тұлғаларының қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес-форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан мен Жампонияның медициналық құрал-жабдық, фармацевтика, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі, тау-кен қазу өнеркәсібі, ІТ-индустрия саласындағы ірі бизнесі ұлттық компанияларының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Іс-шара бағдарламасы екі мемлекеттің ресми тұлғаларының қатысуымен өтетін пленарлық жиын, «Ақпараттық технологиялар және цифрлық салалардағы ынтымақтастық мүмкіндігі», «Тау-кен металлургиялық кешенді дамыту», «Энергетика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі» және «Қазақстан мен Жапония арасындағы бизнестегі жаңа бағыттар» атты панельдік сессиялардан тұрады.

 Жапония бизнес ортасының қызығушылығын ескере отырып, бұл іс-шара Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, екі мемлекет кәсіпкерлері арасында байланыс пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамытуда септігін тигізеді деген болжам бар.

 Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіледі.

 Осыған байланысты Сіздерді бизнес-форумға қатысуға шақырамыз.

 Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы білуге болады:   Ибрагим Бекқалиев, +7 7172 279054 (ішкі: 221), i.bekkaliyev@atameken.kz.

 

Қазақстан-Жапония бизнес-форумына тіркелу  

 

Форум бағдарламыасы мен қатысушылар тізімі тіркелген қатысушыларға жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер