Ақмола облысының 500-ден аса тұрғыны «Бастау» жобасында білім алды
Ақмола облысында «Бастау» жобасының биылғы алғашқы легі аяқталып, бітірушілерге сертификаттар табысталды
Аршалы ауданында бірінші лекке 24 адам қатысты. Бүгінде оның 14-і бизнес-жобаларын қорғап, «Бастау» кәсіпкерлік негіздерінің жобасы» курсын аяқтағаны туралы сертификатты иеленді. Бұл сертификат кәсіпкерлікпен айналысу үшін жылдық мөлшерлемесі 6%-бен арзан несие алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың барлығына да сертификаттар берілді, алдағы уақытта бизнес-жобаларын сәтті қорап, жеңілдетілген шартпен несие ала алады.
«Бастау» түлектеріне Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов табыстады. Кәсіпкерлерге экономиканы дамытуға қосып отырған үлесі үшін алғыс айтып, табыс тіледі.
Ал Сандықтау ауданында 33 тыңдаушы оқуды аяқтады. Бүгінде ның 20-сы бизнес-жоспарын қорғап, жеке ісін ашу үшін несие алуды жоспарлап отыр.
Есіл ауданында да сертификат табыстау рәсімі өтті. «Бастауды» аяқтаған 30 тұрғын мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ наубайхана, тігін, баспа, құрылыс салаларында кәсіп ашуды қалайды.
Ақмола облысы бойынша тыңдаушы ең көп тіркелген аудан – Ерейментау ауданы. Алғашқы лекке 64 адам жазылған. Ертеден-ақ мал шаруашылығын дамытумен айналысатын ауданда 57 бизнес-жоба осы бағытта.
Биыл Ақмола облысы бойынша 1927 тыңдаушыға білім беру жоспарланған, олардың кемінде 385-і бизнес-жобасын қорғайды. Өңірлік палата сарапшыларының есептеуінше, жобаларды қаржыландыруға 1,2 млрд теңгеден астам ақша керек.
Еске салсақ, «Бастау» жобасына аудан, ауылда кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады. сонымен қатар жеке бизнесін ұлғайтуды қалайтын кәсіпкерлерде де тыңдаушылар қатарынан көріну мүмкіндігі бар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: