ІТ-компаниялары және SmArt.Point алаңымен орнаған әріптестік
Ұйым жетекшілері Бағдат Телебай мен Әмірхан Омаров отандық компанияларды инновациялық және серпінді техникалық шешімдерді ілгерілетуде бірігіп қолдау көрсетуге келісті.
«Меморандум аясында SmArt Point коворкинг орталығында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге консультациялық және сарапшылық қолдау көрсетуге дайынбыз. Оның ішінде тауарды сертификаттау және жоғары технологиялық компаниялардың шетел нарықтарына шығуда кедергілерді азайту бойынша көмек көрсетеміз», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай.
Тараптар өзекті ақпарат, ұсынымдар, сараптамалық талдаулармен алмасып, ұйымдастырылатын семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысты таныстырылымдар мен жоспарламен бөлісетін болады.
Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстанда жастар кәсіпкерлігін дамытуға септігін тигізеді. Қазіргі таңда SmArt.Point коворкинг орталығында қаражаттық айнылымы 100 млн АҚШ долларын құрайтын жоғары технологиялар мен креативті бизнес саласындағы 40 компания жұмыс істеуде. Олардың көбін жас кәсіпкерлер басқарып отыр. Бұл кәсіпорындар біздің республикамыз үшін маңызды электронды сауда, логистиканы автоматтандыру, медиа, телекоммуникациялар, блокчейн, бағдарламалық қамтамасыз ету мен білім беру технологиялары саласында қызмет етеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: