«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының кәсіподақ ұйымдары жарысқа түсті

2018 жылғы 04 Маусым
- Павлодар облысы
9050 просмотров

Кәсіподақ қүні қарсаңында Палодар облысының салалалық кәсіподақ бірлестіктері арасынан ең көңілді, ең тапқыр командалар анықталды.

Мұндай турнирлерді ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналып келеді. Кәсіподақ командалары арасында болған алғашқы КТК ойындары облыста 2017 жылы ұйымдастырлды. Биыл жарысқа 4 команда: «ҚазТрансОйл»  АҚ Оңтүстік-шығыс құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің кәсіподағының – «ҚазТрансОйл»  құрамасы, «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының – «Ферромэны» Ақсу темір балқыту зауытының командасы, Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлері, банк мекемелері мен мемлекеттік қызмет ұйымдарының кәсіподағы – «Жастар орталығында» және Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының  – «Большая перемена» командасы қатысты.

 Қазылар алқасы құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері кірді.

 «Облыстық кәсіподақ кеңесі біздің сенімді серіктесіміз болып табылады. 2015 жылы облыс әкімдігі, Кәсіподақ ұйымы және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылған болатын.  Әлеуметтік серіктестер ретіндегі біздің міндетіміз –   халықты жұмыспен қамту мен  еңбек ресурстары саласында тиімді өзара байланыс орнату», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясов.

Байқау қатысушылары үш кезеңнен өтті. Олар – амандасу, серпіліс және үй жұмысы. Басты тақырып кәсіподаққа қатысты болған соң барлық командалар өнерлерін ортаға салды, әр топтың өзіндік ерекшелігі байқалды. Нәтижесінде бірінші орынды Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлері, банк мекемелері мен мемлекеттік қызмет ұйымдарының кәсіподағы – «Жастар орталығында» командасы жеңді. Екінші орын «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының – «Ферромэны» Ақсу темір балқыту зауытының командасы еншіледі. Үшінші орын «ҚазТрансОйл»  АҚ Оңтүстік-шығыс құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің кәсіподағының – «ҚазТрансОйл»  құрамасына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер