«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

KASE Startup  атты жаңа алаң іске қосылды

2018 жылғы 01 Маусым
- Алматы қаласы
4627 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында KASE Startup атты жаңа алаң іске қосылды.

6 маусым күні KASE пресс-румында KASE Startup атты алаңның ресми ашылуы болады. Кәсіпкерлерді аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының экожүйесін іске қосатын спикерлер осы саладағы дамудың негізгі бағыттарымен бөліседі, сондай-ақ, стартап-компанияларды қаржыландыру мен дамытудың практикалық тәжірибесі, осы салада туындаған проблемалар туралы айтып береді.

Бұл алаң  инвесторлардың ЖШС үлесін Қазақстанның қор биржасы арқылы сатып алуы, сондай-ақ ұйымдастырылмаған нарық арқылы сатып алуы бойынша кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және бастауыш компанияларды (оның ішінде инновациялық) қаржыландыруға бағытталған.

 Іс-шара мына мекенжайда өтеді: Алматы қ.,  Байзақов к. 280,  «Almaty Towers» бизнес орталығы, KASE пресс-румы, 1-қабат.  

 Толық ақпарат алу үшін Қор биржасының атқарушы директоры Евгений Мұхамеджановқа хабарласуды сұраймыз: +7 (771) 76 55 999;  em@kase.kz.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер