«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балаларды қуанышқа бөледі

2018 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
1637 просмотров

Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында аудандық  Кәсіпкерлер палатасының тікелей мұрындық болуымен Тереңкөл ауылындағы «Педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде»   «Атамекенім» атты акциясы өтті.

 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні  мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді аталмыш  мекеменің меңгерушісі  Инна Воробьева, аудандық кәсіпкерлер Палатасының директоры Мусагит Омаров, жеке кәсіпкер Сымбат Қиялбаева ( «Салауат» ЖК) мерекемен құттықтап игі тілектерін жеткізді.

   Мерекеге жиналған балалардың бәріне   жеке кәсіпкер тәтті сыйлықтарды тарту етті.    Ораза айы ішінде  әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып, сауапты игі істі мықтап  қолға алған қолы ашық кәсіпкерге ата-аналар  қауымы  зор  ризашылықтарын  білдірді. Қайырымдылық жасау, жетім балалар мен жалғызбасты қарияларға көмек қолын созу ұлтымызға тән қасиет емес пе. Ендеше қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлер қатары өсе берсін, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуден тайынбайық, ағайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер