«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар тұрғыны жарына көмектесу арқылы бизнеске қадам басты

2018 жылғы 01 Маусым
- Павлодар облысы
8272 просмотров

Үй шаруасындағы келіншектің көкөніс тазартуға қанша уақыты кететіні ойландыра ма? Бұл сауалды көп адам қоймағаны белгілі. Ал Павлодар тұрғыны Евгений Резмерица осыны зерттеген. Мұнымен қоймай, осы бағытта бизнес бастауға шешім қабылдаған.

Жеке кәсібін бастаған Евгений Резмерица 28 жаста. Ол бірнеше жыл бойы зауытта еңбек етті. Қарапайым жұмысшыдан бастап, учаске басшысының орынбасарына дейін көтерілді. Алайда ол әрдайым жеке кәсібі болғанын қалаған. Ол үшін жеке кәсіп айналасына пайдалы болғаны маңызды.

«Мен қайталанбайтын бірегей жоба туралы ойладым. Әйелім бала күтімімен демалыста болған. Ол үнемі жұмыста. Бір күні кешкі ас дайындағанда көкөніс тазалағанын көріп, бірнеше күнге бірден тазарту үшін қалай көмектессем деп ойладым. Бұл міндетін қалай да жеңілдету керек еді. Бұл мәселе біздің отбасымызда ғана емес. Сондықтан менің идеям көпшілікке пайда келтіретін шығар», – деп ой бөлісті Евгений Резмерца.

Ең басында картоп негізге алынды. Евгений интернет арқылы картопты тазалап, сақтау мерзімін вакуум арқылы ұлғайтуға болатынын білді. Кәсіпкер картопты ғана емес басқа да көкөністерді неге дайындамасқа деген ойға келеді. Бүтіндей емес, туралған күйінде сақтау – тамақ дайындауда уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл ойын туыстары, жары тестілеуден өткізеді. Олардың көңілінен шыққан.

«Ер адамдармен бірдей жұмыс істейтін әйелдер кешке үйге келеді, балаларды бақшадан алады, одан соң кешкі ас әзірлейді. Менің өнімім келіншектерге ғана емес, өздеріне өздері тамақ дайындайтын қарттарға да пайдалы болар еді», – дейді кәсіпкер.

Идеяны толық тестілеуден өткізген Евгений қалай ілгерілетуді, жүзеге асыру жақтарын қарастыра бастады.

«Бәрі де «Атамекеннен» басталды. Бір күні интернеттен Кәсіпкерлер палатасы бизнес бастауға, жеке кәсіпкер, ЖШС ретінде тіркелуге көмектесетінін, бизнес негіздеріне оқытатынын білдім. Көмек алдым, құжат дайындауға қол ұшын созды. «Бизнес мектепте» білім алдым. Аталған жобаның авторы екенім көрсетілген стандарт пен сертфикатқа ие болдым. Өткізу нарығы бірте-бірте жолға қойылады, Омбымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, біздің өнімге қызығушылық танытып отыр», – деді кәсіпкер.

«Green Time PVL» ЖШС туралған және вакуумды қаптамаға оралған,  тазартылған картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат, пияз дайындайды. Сақтау мерзімі – 6 тәулік. Көкөніс жергілікті өнім, Черноярка ауылындағы шаруашылықтарда алынады. Болашақта өнім сұрыпталымын арттыруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер