«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкпектідегі қолөнерші кәсібін кеңейтпек

2018 жылғы 01 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
5014 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» қысқа мерзімді курсын тәмамдаған Жанна Жабекова қолөнерден басқа жөндеу, модельдеу және киім тігумен айналыса бастады.

Былтыр мүмкіндігі шектеулі ару 3 млн теңге құрайтын гранттық қаражатқа шағын тігін цехын ашты. Жоба ӨКП Көкпекті филиалының сүйемелдеуінде.

Кәсіп ашылған соң қолдан жасалған заттарға деген сұраныс арта түсті. Кәсіпкер тіккен жұмсақ ойыншықтар, тоқылған себеттер, бисерден тоқылған әшекейлерді басқа өңірден де тапысырспен ала бастады. Шетелден де қызығушылық танытқандар бар.  

 Қолөнер бұйымдарын көбіне көп Ақтау мен Астана тұрғындары сатып алады. Былтыр 200-ден астам ойыншық, 60-қа жуық себет сатылған. Қазіргі таңда модельер-конструктор балалар кииімдерін тігуге, киімді жаңартуға тапсырыс алуда.

 «Киімді қайта жаңартуға тарпсырысты ауыл тұрғындары береді. Негізінен қазір осымен айналысып отырмын», – деді Жанна.

 Бизнесвумен болашаққа көп жоспар қойған.

 Қазіргі таңда кәсіпкер қаражат жинап жатыр, өйткені өндіріске трикотаж киімін тігу үшін кесте тігетін машина керек. Машинаның құны 120-500 мың теңге аралығында.

 «Бастапқыда ең арзанын сатып аламын, ал кейін аяққа тұрған соң жабдықты да жаңартамын», – деді кәсіпкер.

 Табыстан тапқан ақшаның жартысына кәсіпкер емделіп жүр. Өйткені сегіз жыл бұрын ол жол апатына түскен. Барлық қиындықтарға, шектелген мүмкіндіктерге қарамастан, Жанна интернет арқылы тігуді игеріп алады. Бүгінде ол нағыз іскер әйел, Жанна жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» байқауына, түрлі бизнес-форумдарына қатысады.

 «Жаннаны бүкіл Қазақстан және сыртта та біледі. Ол өте мықты әрі талапты жан. Оның сәтті бастамаларын көру – қуаныш. Былтыр іскер әйел «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында көрермен көзайымы атты сыйлықты жеңіп алды. 8 наурыз қарсаңында облыс әкімі Даниял Ахметовтың атынан алғыс хат алды», – деді ШҚО ӨКП Көкпекті филиалының директоры Әлия Мұқашева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер