«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа заң бизнес шығындарын азайтып, жауапкершілігін арттырады

2018 жылғы 01 Маусым
- Атырау облысы
5748 просмотров

Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңға енгізілген өзгертулер бизнес үшін бірқатар түйткілді мәселелерді шешеді.

Осындай пікірді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев  жергілікті инвесторлардың форумы барысында білдірді. Аталған форум жемқорлықты алдын алу, инвесторлардың мүддесі мен заңды құқығын қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бағытталған.

 Палата өкілі айтуынша Мемлекет басшысы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойып, бизнес дамуына барынша жағдай жасау керек екеніне ерекше назар аударып отыр.

 «Жаңа заңның артықшылықтар бизнес-қоғамдастық жуық арада сезінетініне сенімдімін. Аталған заң жобасы әзірлеуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белсенді атсалысты. Өзгертулер кәсіпкерлер үшін кедергі болып келген бірқатар мәселелерді жойды. Жаңашылдықтың бірі – Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша заңды гуманизациялау болып табылады. Мәселен, Әкімшілік құқық бұзу кодексінде 900-дан астам бап болса, оның 400-ге жуығы бизнес мүддесіне қатысты. Енді Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 157 бабы бойынша әкімшілік айппұлдар мөлшері 30 пайызға азайды. Кодекстің 300 бабы бойынша айыппұлдарды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу қарастырылған. Тәжірибеде бір мысал орын алды, тауардың шығу тегі сертификаты болмағаны үшін кәсіпкер 100 теңгелік тауарға төлеген айыппұл тауар құнынан 100 есеге асты. Енді кәсіпкер айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлей алады», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

 Спикер алдын ала бақылау жасауды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оның нәтижесі бойынша кәсіпкерге бұзушылық үшін бастапқыда айыппұл емес, ескертпе ғана жасалады. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау фукнциялары да айтарлықтай қысқарған.

 «Қайталама және тиімсіздігі жоқ бақылаудың 114 саласының 20-сы алынып тасталды. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша талаптар саны екі есе қысқарды. Тексерудің мерзімі де қысқарды. Тексеру мерзімі 30 күннен 15 жұмыс күнге дейін, жоспардан тыс тексеру мерзімі – 30 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Кәсіпкер қалай жұмыс істейді егер 30 күн бойы тексеру жүрсе? Сондықтан бұл норма бизнес үшін қажетті шара», – Сәрсенбай Жолдыбаев.  

 Осы ретте «Атамекен» бизнестің жауапкершілігін азайтпайды. Кәсіпкерлер тарапынан болатын тәуекелдерді болдыртпау, оның ішінде заңнаманы қасақана бұзу, өнім сапасын төмендетуді алдын алу. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес жауапкершілігін арттыруда бірқатар ұсыныстар жасады. Оның ішінде тұтынушылар құқығын қорғау, Кәсіпкерлер этикасы мен іскер әдебі кодексін де қолға алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер