«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жаңа заң кәсіпкерліктің дамуына жол ашары сөзсіз»

2018 жылғы 31 Мамыр
- Қызылорда облысы
3790 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев айтты.

Ғалым Едігеев Мемлекет басшысы қол қойған кәсіпкерлік қызметке қатысты Заң кәсіпкерлерге көрсетілген өлшеусіз қолдау екендігін жеткізді.

«Жаңа қабылданған Заң кәсіпкерлер үшін тексерулер мен айыппұлдардың орнына профилактикалық бақылау енгізуімен де құнды. Осы кезге дейін бизнес өкілдерін тексеру, айыппұлдар салу шаралары бизнес өкілдеріне қиындықтар тудырып келді. Әрине, заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайды. Дегенмен жаңа Заңда көрсетілген профилактикалық бақылау мәселені шешудің оңтайлы жолы деп санаймын. Кәсіпкер әкімшілік жазалауға тартылмай, анықталған кемшіліктер бойынша берілген нұсқама арқылы дер кезінде шара қабылдай алады», - дейді директордың орынбасары.

Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі жаңа Заңдағы және бір артықшылық ретінде кәсіпкерлерге келетін жоспардан тыс тексеру мерзімінің қысқартылғандығын айтты. Нәтижесінде кәсіпкерлер бизнесін жүргізуде уақыт жоғалтпайтын болады.

Айта кету керек, 24 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев жария түрде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңға қол қою барысында Елбасы: «Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бәрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту және жұртшылықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды», – деп құжаттың маңыздылығын атап көрсетті.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер