«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палата балалар және жасөспірімдер туризмін дамытуға қолдау білдірді

2018 жылғы 31 Мамыр
- Жамбыл облысы
2571 просмотров

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ, Туризм басқармасы және Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Төрткүл дүниені өзіне қаратқан Экспо-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі өткеннен кейін көрме нысандары пайдаға асуы керек. «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ көрменің жұмысын қайта қалпына келтіргеннен кейін көрме алаңына қонақтарды тарту, сондай-ақ, балалар-жасөспірімдер және білім беру туризмін дамыту белсене кірісті.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын, жалпы бос уақыттарын тиімді әрі танымды өткізуі үшін «Астана ЭКСПО-2017 ҰК»  компаниясы  "Kids Future Energy" және "Students Future Energy" атты химия, биология, тарих, физика, география, туризм пәндерінен ашық сабақтар өткізуді ұсынып отыр.

Осы мақсатта Таразда білім беру мекемелерінің басшылары, тур фирмалардың жетекшілері, бизнес өкілдері, туризм басқармасы және Өңірлік Палата бас қосты. 

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, мұндай өзара ынтымақтастық келісімдері ішкі туризмді дамытуға септеспек. Палата өз кезегінде туризм бағытындағы импорталмастыру жұмыстарына қатысатындығын айтты.

Кездесу барысында «Нұр әлем» сферасының көрме нысандары таныстырылып, өңірлік деңгейде туризм саласын дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастық іс-қимылдары бойынша ұсыныстар айтылды.

«Өткен жылы әлем назарын өзіне аударған Астана Экспо 2017 көрмесіне 3 миллионға жуық адам мейман болды. Көрмені өткізу тарихында Экспо Астана ең көп қонақтарды қабылдаған алаң, сандарға сүйенсек әрбір төртінші қазақстандық көрмені өз көзімен көріп, аралаған. Бұл әрине, жергілікті өңірлердергі билік пен барлық білім беру мекемелері, туристік компаниялардың білек сыбана ат салысуының арқасы», – дейді Қазақстандық Туристік Қауымдастығының Президенті Роза Асанбаева.

 

Сондай-ақ, Роза Асанбаева Жамбыл облысы «Экспо» көрмесіне туристерді жолдаған ең белсенді өңірлердің бірі. Өзара байланысты мығым ету жолында алдағы уақытта компанияның жоспарында түрлі экскурсиялар, танымал жұлдыздардың қатысуымен  сабақтар, робот гидтарды сүйемелдеуімен экскурсия өткізу, «Елбасы жолы» атты туристік маршруттар ұйымдастыру бар екенін айтты.

Алдағы жазғы демалыста оқушылар үшін «Нұр әлем» сферасында мектеп оқытушылар өздері оқушылары үшін экскурсия сабақтарын жүргізе алады. 

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК»  компаниясының өкілі туристер үшін кешенді қызмет көрсететін маршруттар ұсынып отыр.

Сонымен қатар, Экспо көрмесінің өтуіне белсенді араласқаны үшін Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназия ұжымы мен облыстық білім басқармасы арнайы сыйлықпен марапатталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер