«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесте серіктесті қалай табуға болады?

2018 жылғы 31 Мамыр
- Шымкент қаласы
11325 просмотров

Германияда тәжірибеден өткен соң «Іскерлік байланыс» жобасының қатысушысы өз бизнесін цифрландыру бағытына қөшіруді жоспарлауда

Шымкенттік кәсіпкер Дәулет Сүйнтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан «Іскерлік байланыс» жобасы аясында тағлымдамасын баға жетпес тәжрибе деп санайды. Өткен жылы жетекші неміс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, олардың тренингтерін және семинарларында оқығаннан кейін, ол қатаң бәсекелестікте аман қалу үшін өзінің баспа компаниясын қалай дамыту керектігін анық білді.

«Мен бұл жоба туралы Өңірлік Кәсіпкерлер палатасынан электронды поштама келген хабарламасынан білдім. Шымкентте үш апталық оқудан өткеннен кейін мен бұл жобаға қатысуға өтініш білдірдім. Біраз уақыттан кейін Германияда бір айлық тәжрибеден өтуге шақыру алдым. Қазақстаннан келген 22 кәсіпкерлер тобында Шымкенттен барған жалғыз мен болдым», –  дейді «South Print Corporation» ЖШС директоры

Даулеттің мамандығы – экономист-менеджер. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Жоғары мемлекеттік басқару мектебі факультетін бітірген. Ол әкімдікте жұмыс істеу керек екендігін мойындады, бірақ ол мемлекеттік қызметші болғысы келмеді. Сондықтан университеттен кейін дереу бизнеске бет бұрады. Бүгінгі таңда оның компаниясы 13 жыл бойы полиграфиялық өнімдер шығарып, Шымкенттегі ең табысты компаниялардың бірі болуда.

«Біз Шығыс Германиядағы Дрезден қаласында тағылымдамадан өттік. Оқу бағдарламасы тура бір айға созылды. 2 апта теория жүзінде – дербес басқару және инновациялар, мәдениетаралық менеджмент және т.б. оқытты, ал 2 апта – ең үздік неміс кәсіпорындары, оның ішінде Volkswagen концернінің автомобиль фабрикасы жұмысымен таныстық. Бұл заводтағы барлық үрдіс, машина корпусындағы қалайыдан бастап соңғы гайкаға дейін - роботтандырылған. Жалпы Германиядағы зауыттар жоғары сапалы стандарттарға сүйене отырып, алға озғандарын түсіндім. Онда олар адам факторын максималды түрде азайтып, қателіктерді болдырмайтын өндірісті автоматтандыруға және роботизацияға көп көңіл бөледі», – дейді Дәулет.

Жоба қатысушысы, ол үшін тәжірибедегі ең құнды нәрсе - ол іскерлік байланыс орнатқандығын санайды. Жоба әртүрлі ынтымақтастыққа дайын көптеген кәсіпкерлермен танысуға мүмкіндік берді.

«Мен баспагер болғандықтан жұмысыммен байланысты барлық нәрселерге қызығушылық таныттым. Бағдарламада баспаханаларға немесе баспа компанияларын аралау кірмеген, бірақ мен бес неміс компанияларының басшыларымен кездесе алдым, олардың үшеуі баспа машинасын шығарушылар. Олардан мен инновациялық технологиялар мен жабдықтар туралы, олардың өндіріс процесінің құрылымы туралы білдім. Әлемнің цифрлы түрде ілгерілеп келе жатқанын көрдім. Кәсіпкерліктің нысаны өзгеруде. Алтын бизнес идеяларын іздеушілердің назары жаңа технологияларға бағытталған. Мен табыс алып келетін, дамуға қабілетті қалыпты бәсекелесті бизнесті қалай құру керек екенігін ұқтым. Германиядағы әріптестерімізден көптеген нәрселерді білуге ​​болады, бұл бізге, әрине, жаңа мүмкіндіктер ашады », – деді жоба қатысушысы.

Даулет баспадан кейінгі өңдеу үшін неміс жабдықтарының кешенін сатып алуды жоспарлады. Ол шетелдік әріптестердің тәжірибесінен үйрену, көптеген неміс компанияларына барып және танысуға, келіссөздер жүргізуге және іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік берген «Атамекен» ҰКП-на өте риза.

Оның пікірінше, «Іскерлік байланыс» жобасы өздерінің дағдыларын шетелдік делегациялармен В2В кездесулерде қолдануға мүмкіндік береді. Мұның бәрі кәсіпкерлермен сыртқы байланыстар орнатуға бағытталған.

Дәулет сапардан кейін нақты шешім қабылдады: енді оның компаниясы цифрлық басып шығару бағытына көшеді.

 

«Мен түсіндім: бұл бизнесте кең ауқымды ойлау керек. Енді мен тек оффшорлық цех туралы ғана емес,  жаһандық заттар, қазіргі заманғы үрдістер туралы жаңа технологиялар туралы ойланамын», – дейді Дәулет.

Оның баспа компаниясы тағы бір тиімді бағдарламаны  Палата арқылы оның компания жұмысын жақсартуға көмектесетін Германияның аға сарапшысын шақыруды ойластыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер