«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада 5 айдан 1283 азамат «Бизнес-кеңесшіні» оқып шықты

2018 жылғы 30 Мамыр
- Қызылорда облысы
2818 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.  

        Палата басшысының айтуынша азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке тартуда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қолға алынған «Бастау» жобасы айтарлықтай сеп болып отыр.

     «2017 жылы пилоттық режимде өткен «Бастау» жобасы халық арасында үлкен сұранысқа ие болуда. Өткен жылы «Бастау» жобасына облыстың 5 ауданынан 937 адам оқып, жобаларын сәтті қорғап шықты. Нәтижесімен 358 қызылордалыққа барлығы 947,8 млн.теңге несие беріліп, жаңадан 394 жұмыс орны ашылды. Жобалардың басым бөлігі, яғни 268-і ауыл шаруашылығы саласына қатысты», - дейді Палата директоры.

Биылғы жылы жобаға облыстың 7 ауданымен қоса, Төретам, Ақай ауылдары мен Байқоңыр, Қызылорда қаласының тұрғындары қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Жыл ішінде 1600 қызылордалықты оқытып, ең кемі 320 азаматтың жобасын қаржыландыруды көздеп отырмыз. Бұл, әрине, әзірге жоспарымыз ғана. Іс жүзінде қаржыландырылатын жобалардың саны артық болары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Бастаудың» бірінші кезеңіне 291 қызылордалық қатысып, 1 ай көлемінде кәсіпкерлік саласындағы білімдерін жетілдірді. Осы қатысушылардың ішінде 262 азамат (жалпы құны 956 млн.тг) облыстық комиссия алдында бизнес-жоспарларын сәтті қорғап, жобаларын қаржы институттарына ұсынды», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Палата директорының айтуынша, Кәсіпкерлер палатасында сұранысқа ие жобалардың бірі – «Бизнес-кеңесші» оқу курсы екен.

Кәсіпкерлер палатасы өткен жылдың өзінде «Бизнес-кеңесшінің» аясында 800 адамды оқыту міндеттемесін алса да, іс жүзінде 1555 қызылордалықты оқытып шыққан. Нәтижесінде 96 азамат өз ісін бастаған.

Жыл басталғалы Палата бизнес-тренерлері 1283 азаматты оқытқан. Оның ішінде 758 қызылордалық облыстық әкімдік жариялаған инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысушылар. Қазірдің өзінде Палатада 1300 адам «Бизнес-кеңесшіні» оқуға кезекте тұр. «Бизнес-кеңесшіні» оқыған азаматтар арасында биылғы жылдың 4 айында 27 азаматтың жалпы құны 88,9 млн.теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер