«Есің шықса, ешкі жи»
Қостанай облысында ақсүйек ешкілер өмір сүреді.
Жергілікті тұрғын Полина Назарова өсіріп жатқан ешкі тұқымы – сонау ХІХ ғасырда шығарылған бағалы заанен тұқымды ешкілер. Әзірге шаруашылықта 30 бас. Жуырда төл басы ұлғаяды деп жоспарланған. Іскер әйел арнайы құжаттары бар таза тұқымды ешкілерді сатып алмақ. Жеке кәсіпті ашып, кеңейтуге кәсіпкерге «Бизнес-Кеңесші» курсы және мемелекеттен бөлінген грант көмектескен.
Неге дәл асыл тұқымды ешкі өндірісі қолға алынып отыр? Анықталғандай бұл жайт мақтану, ерекше болудың қамы емес екен, кәсіпкер табыстылыққа мән берген. «Заанен» ешкілері сүтті келеді, бір саулық жылына 800-900 литр сүт береді. Оның үстіне бұл ешкілер жуас, саууға жақсы. Ал асыл тұқымды бір лақтың құны – 15 000 рубль тұрады.
Заанен тұқымды алғашқы екі ешкіні 2012 жылы алдық. Кейін төл басын көбейте, тұқымды жақсарта бастадық. Уақыт өте келе мал басын тиімді көбейту үшін арнайы білім керек екенін түсіндім. Мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгініп, «Бизнес-Кеңесші» курсын оқыдым. Сабақ қызық болды, бастысы барлығы кәдеге жарады», – деді Полина Назарова.
Төл басы айтарлықтай өскен уақытта, сүт көлемі де артты. Сүтті сату бойынша мәселе болған емес. Пайдалы ешкі сүтін Октябрьское ауылында ғана емес Қостанайда да алады. Ферманың басты тұтынушылары – балалар. Өйткені кәсіпкер өзі өндіретін өнім сапасына өте қатаң қарайды.
«Соңғы уақытта сүт жетпей жатыр. Халық ірімшік, қатық, йогурт сұрауда. Ал өндірісті ұлғайту үшін мен заанен тұқымын арнайы құжаттарымен алуды шештім. Өйткен сатып алынып жатқан төлдің аналығы қанша мөлшерде сүт бергенін білу маңызды. Мен де болашақ өнім көлемін есептеуім керек қой», – дейді кәсіпкер.
Грантқа өтінімді Полина Назарова былтыр берген, алайда соңғы кезде күтпеген жағдай орын алған – ресейлік сатушы белгісіз бір себеппен лақтарды сатпаймын деген.
Биыл бәрі жоспармен болды – құны 1 260 000 теңге болатын жоба мақұлданды. Айта кетелік жоба инновациялық мәнге ие, Қостанай облысында асыл тұқымды ешкілерді басқа ешкім өсірмейді.
Полина Назарова қосымша жер учаскесін жалға алған, өйткені алда көптен күткен сақман науқаны келе жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: