Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі 7 маусымда өтеді
7 маусым күні Бейжің қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан-Қытай Іскер кеңесінің 5-отырысы өтеді деп жоспарлануда.
Аталған кеңес екі ел мемлекет басшыларының тапсырмасымен құрылған және Қазақстан мен Қытай бизнес ортасы өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ мемлекеттер арасында сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты ынталандырудың тиімді құралы болып табылады.
Жалпы бұл формат экономиканың түрлі саласында ынтымақтастық құрып, жаңа байланыс орнату мақсатында іскер топтардың өкілдері арасында ақпарат алмасуды көздейді. Пленарлық отырыстан басқа тағы 4 панельді сессия өткізу жоспарланған. Сонымен қатар В2В форматында қытай компанияларымен келіссөздер алаңы да қарастырылып отыр.
Қазақстан Сыртқы сауда палатасы мен Xi'an Silk Road Electronic Commerce Co., LTD компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Сиань қаласында Қазақстанның сауда-мәдени үйі ашылады. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын Қазақстанның сауда-мәдени үйін ашу мен дамыту жұмыстары басталды. Бүл үйде қазақстандық өнімді орналастыру үшін шоу-рум болады. Осы мүмкіндік арқылы отандық компаниялар Қытайдың солтүстік-батыс аумағындағы экономикалық және стратегиялық орталығында өз өнімдерін ұсына алады.
Қызығушылық танытқан тұлғаларды Қытай-Қазақстан Ісерлік кеңесіне қатысуға шақырамыз.
Толық ақпаратты жауапты маман Жұлдыз Кашаеваға хабарласып, білуге болады; 8 7015558653, email: z.kashayeva@atameken.kz.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: