«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«КасХим»: «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларында жеңісті көздейміз

2018 жылғы 29 Мамыр
- Атырау облысы
4288 просмотров

Атырауда «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға өтінім қабылдау науқаны жалғасуда.

 «КасХим» ЖШС алғаш рет «Қазақстанның үздік тауар» өңірлік байқауына  қатысуға өтінімді 2014 жылы берген. Сол жылы компания «Үздік өндірістік тауар» аталымында үшінші орынға ие болған. Үш жыл өткен соң компания аталған байқауда осы аталым бойынша бірінші орын алады. Алайда белгілі бір себептермен кәсіпорын республикалық байқауға қатысудан бас тартуға мәжбүр болады. Биыл кәсіпорын ҚР Президентінің  «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға тағы да өтінім берді.

 «Осы жолы екі байқауда да жеңіске жетуге құлшынып отырмыз. «Алтан Сапа» байқауына алғаш рет қатысамыз, қазір қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы ретте Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарына алғыс айтқымыз келеді. Олар бізге құжат дайындау, шарттар мен ережелерді түсіндіруде қолдау көрсетіп келеді. Жуық арада жаттығу семинарына қатысамыз», – деді «КасХим» ЖШС сату бойынша аға менеджер Анна Макарова.

 «КасХим» компаниясы 2006 жылы құрылған. Бүгінде серіктестік Қазақстан нарығында полипропилен мен полиэтиленнен жұмсақ қаптама жасау бойынша жетекші кәсіпорынға айналып отыр. Қаптамаларды жеке тұлғалар да, өндірісі бар ірі кәсіпорындар да сатып ала алады. Кәсіпорын қуаты жылына 27 млн дана өнім шығару.

 «КасХим» ЖШС осы жылдар ішінде клиенттер мен бәсекелестер арасында беделге ие болды. Тапсырысытардың күннен күнге артуы мен клиенттердің көбеюі сөзімізге дәлел. Серіктес Қазақстанның аграрлық сектор, тау-кен қазу мен өңдеу саласы, химия мен тамақ өнеркәсібімен айналысатын  ірі компаниялырмен жұмыс істейді.

 «ҚР Президентінің  «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» байқауы – отандық кәсіпорындар үшін өз өнімі жайында бүкіл республикаға жария ету, өндірістік мүмкіндіктері жайында айту, іскерлік байланыстар орнатудың алаңы. Биыл жеңімпазарға қаржылық жүлде де қарастырылып отыр, бұл қатысушылар үшін ынталандыратын жайт», – деді «КасХим» ЖШС коммерциялық директоры Равиль Сафиулин.

Кәсіпорын келешекте қосымша өндіріс корпустарын салу, өнім түрін арттыру үшін жаңа жабдық алу және жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер