«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеке кәсіпкерлер «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады

2018 жылғы 26 Мамыр
6965 просмотров

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеке кәсіпкерлер де ала алады. ҚР Ұлттық банкі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берген ресми жауабында хабарлады.

«Бағдарламада жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін шектеу қарастырылмаған және әлеуметтік дәрежесіне қарамастан, әлеуметтік әлсіз топты қосқанда барлық азаматтар қолдана алады» деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банкте бағдарлама әлеуметтік мақсат үшін құрылмаған, еңбек және кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табысы бар әрбір азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге және отбасылық бюджетке зиян келтірместен ипотеканы төлеуге мүмкіндік берілген.

«Ипотекалық жаңа бағдарлама еліміздің қалың көпшілігіне есептелген, ең алдымен тұрғын үйі жоқ азаматтар қатыса алады» ­- деп реттеуіште көрсетілген.

Кәсіпкерлер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын дайындауда жеке кәсіпкерлер үшін табысты растау арқылы несиені рәсімдеу мүмкіндігін ескерсе деген өтініштерін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдады. Ұлттық палата өз тарапынан аталған мәселені реттеуге ниетті екенін білдірді. Бұған дейін жеке кәсіпкерлер үшін коммерциялық қызметтен түскен табыс арқылы тұрғын үй алу айтарлықтай күрделі болып келген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер